«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 303 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 сәуірде № 13635 болып тіркелді
Редакция 17.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 303 бұйрығымен бекітілген
Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 жылғы № 640 Бұйрығымен (30.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
№ |
Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің атауы |
БСН |
Орналасу орны |
Байланыс телефоны |
Электрондық поштасы, факс |
Технологиялық операциялардың түрлері |
Құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының түрлері |
1 |
«Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
970140000211 |
Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Промышленная көшесі, 1 үй. |
8 (7232) 291001 |
kazzinc@kazzinc.com, 8 (7232) 291355 |
қайта өңдеу (байыту, алу); аффинаждау |
өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металдар), мырыш шөгінділері; |
2 |
«Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
110440001807 |
Қазақстан Республикасы, Карағанды облысы, Балқаш қаласы, Ленин көшесі, |
8 (71036) 62255 |
Dinara.Bo@kazakhmys.kz 8 (71036) 63478 |
қайта өңдеу (байыту, алу); |
өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металдар), мырыш шөгінділері; |
3 |
«Тау-Кен Алтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
091240012920 |
ҚҚазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, А194 көшесі, 1-үй. |
8 (7172) 30 94 24 |
info@taukenaltyn.kz 8 (7172) 30 94 24 |
аффинаждау |
өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металдар), мырыш шөгінділері; |