1. «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 23.12.2019
«Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.01.2016 жылғы № 82 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт алынып тасталды ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2019 жылғы № 1038 Бұйрығына сәйкес
Редакция 03.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 15 (он бес) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 2-1-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша электрондық түрдегі мекенжай анықтамасын беру.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
Полная версия

