Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 288 қаулысы   
Редакция 18.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2016 жылғы 12 мамырдағы № 288
 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.08.2022 жылғы № 581 Қаулысымен (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2018 жылғы № 895 Қаулысына сәйкес (25.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2018 жылғы № 895 Қаулысына сәйкес (25.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2018 жылғы № 895 Қаулысына сәйкес (25.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)
5. «Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 207 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 422-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидаларында:
«2. Халықаралық мектеп мәртебесін беру халықаралық білім беру тәжірибесін жетілдіру және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне интеграциялау, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің дербес әзірленген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептердің жұмыс істеуінің қалыптасқан практикасы үшін құқықтық база құру мақсатында жүзеге асырылады.»;
«5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және халықаралық жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының талаптарын есепке ала отырып, дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыру;»;
«4) жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны (бағдарламаның негізгі мақсаттары, негізгі теориялық-әдіснамалық ережелері, оқушылардың білім сапасын бақылау, мониторингтеу және қамтамасыз ету құралдары, білім беру ұйымының бағдарламасын қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік әзірлемелердің тізбесі);».
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.08.2017 жылғы № 507 Қаулысымен (12.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.09.2023 жылғы № 770 Қаулысымен (19.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi