Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.11.2016
Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 91 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 сәуірде № 13665 болып тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 қарашадан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 жылғы № 204 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидалары бекітілсін. 
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Төлем жүйелерi департаменті (Мұсаев Р.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2016 жылғы 17 наурыздағы
 № 91 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану тәртібін айқындайды. 
2. Қағидалар жол чектерін пайдалануға байланысты қатынастарға қолданылмайды. Көрсетілген қатынастар «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы  Заңында белгіленген талаптар ескеріле отырып, осындай жол чектерінің чек берушінің банкі реттейді және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерiмен реттеледі. 
3. Қағидаларда Төлемдер туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
Полная версия
ИС BestProfi