Близость слов: Окончание:





Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 302 қаулысы
Редакция 14.05.2024 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2016 жылғы 24 мамырдағы
 № 302 қаулысымен
 бекітілген
Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы
Өңіраралық схема жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.08.2020 жылғы № 514 Қаулысына сәйкес (24.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы (бұдан әрі – Алматы агломерациясының өңіраралық схемасы) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан – 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын, "Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1434 (бұдан әрі – Бас схеманың негізгі ережелері) қаулысын ескере отырып өзектілендірілді.  
Алматы агломерациясының өңіраралық схемасы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына, аумақты ұйымдастырудың экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес өзектілендірілді.
Алматы агломерациясының өңіраралық схемасы аумақты дамыту перспективаларын және оның инфрақұрылымға ұзақ мерзімді қажеттілігін айқындайтын қала құрылысы стратегиясы болып табылады. Алматы агломерациясының өңіраралық схемасы ережелерін іске асыру кезектілігі, қаржыландыру көздері және көлемі бюджеттік мүмкіндіктер ескеріле отырып, аумақтарды дамыту бағдарламалары деңгейінде айқындалады.
Алматы агломерациясының өңіраралық схемасының негізгі міндеттері:
1) агломерацияны дамытудың оңтайлы бағыттарын қалыптастыру мақсатында аумақтың шекарасына кіретін әкімшілік-аумақтық бірліктердің мүдделерін ескере отырып, жобаланатын аумақтың ұтымды жоспарлы ұйымдастырылуын айқындау;
2) аумақты функционалдық аймақтарға бөлу, халықты қоныстандыру және өндірістік күштерді орналастыру жүйесін жетілдіру, инженерлік, көліктік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымды дамыту, аумақтарды қауіпті техногендік және табиғи процестерден қорғау, аумақтың экологиялық ахуалын жақсарту және қоршаған ортаны қорғау жөнінде негізді ұсыныстар кешенін әзірлеу.
Өзектілендірілген Алматы агломерациясының өңіраралық схемасы Алматы агломерациясы аумағын аралық (2025 жыл), есептік (2035 жыл) және болжамды (2050 жыл) жобалау мерзімдеріне арналған қала құрылысын перспективалы дамытудың жобалық ұсыныстарын қамтиды. Алматы агломерациясының өңіраралық схемасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері осы Алматы агломерациясының өңіраралық схемасына 1-қосымшада келтірілген.
Алматы агломерациясын ұзақ мерзімді дамытудың жобалық ұсыныстары осы Алматы агломерациясының өңіраралық схемасына 2 – 14-қосымшаларда келтірілген.
Алматы агломерациясы елді мекендерінің тізбесі осы Алматы агломерациясының өңіраралық схемасына 15-қосымшада келтірілген.
1. Аумақты аймақтарға бөлу, қала құрылысына игеру және дамыту Аумақты қала құрылысына игеру және дамыту
Алматы агломерациясы Алматы облысының бес әкімшілік ауданы: Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар аудандарының және Қапшағай қалалық әкімшілігі аумағының бөліктерінен тұрады. Осы аумақтардың бәрі агломерация орталығы (өзегі) – Алматы қаласының айналасында шоғырланған және Алматы агломерациясының аймағына кіреді.
Полная версия
ИС BestProfi