Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.10.2020
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1225 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 ақпанда № 13058 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 18 қазаннан бастап ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.10.2020 жылғы № 364/НҚ Бұйрығына сәйкес  
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 100-бабының 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса берілін отырған Салаларды технолоғиялық дамытуға инноваңиялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.
2. «Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 211 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12078 болып тіркелғен, 2015 жылғы 13 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технолоғиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтыц Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардыц интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде оның 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму виңе-миниcтріне жүктелсін. 
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
______________ Б. Сұлтанов 
2016 жылғы 15 қаңтар
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
______________ Е. Досаев 
2016 жылғы 14 қаңтар
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 2015 жылғы 23 желтоқсандағы
 № 1225 бұйрығымен
 бекітілген
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидалары
1. Осы Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсінкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес әзірленғен және салаларды технолоғиялық дамытуға инновациялық гранттарды беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар және қысқартулар пайдаланылады:
1) грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес грант алған тұлға; 
Полная версия
ИС BestProfi