Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.10.2020
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1192 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 ақпанда № 13062 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 23 қазаннан бастап ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.10.2020 жылғы № 365/НҚ Бұйрығына сәйкес 
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.
2. «Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 210 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12067 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде жіберуді; 
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
________________ Б. Султанов 
2016 жылғы 15 қаңтар
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасынын 
Экономика мннистрі 
________________ Е. Досаев 
2016 жылғы 14 қаңтар
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 2015 жылғы 9 желтоқсандағы
 № 1192 бұйрығымен
 бекітілген
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беру қағидалары
1. Осы Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1) алдын-ала өтінім - осы Қағидалардың талаптарына сәйкес өтініш берушінің сауалнамасы, жоба паспорты және технологияларды коммерцияландыру стратегиясы қоса берілген өтініш; 
Полная версия
ИС BestProfi