Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесінің 10-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 1-хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 383 бұйрығы
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тізім бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанында аккредиттелсін және оларға тиісті аккредиттеу туралы куәліктер берілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізім бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанынан аккредиттеуден бас тартылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы З.С. Сағыновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 383 бұйрығына 1-қосымшасы
Аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің тізімі
1) «Ассоциация инженеров-взрывников Казахстана» заңды тұлғалардың бірлестігі;
2) «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілердің және кәсіпкерлердің қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі;
3) «ҚазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындарының одағы» заңды тұлғалардың бірлестігі;
4) «Қазақстан химиялық өнеркәсібінің одағы» заңды тұлғалардың бірлестігі;
5) «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» заңды тұлғалардың бірлестігі;
6) «Қазақстандық энергоаудиторлар қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі;
7) «Қазақстанның көлік жүргізушілер қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі;
8) «Қазақстандық радиоәуесқойлар қызметтер қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 383 бұйрығына 2-қосымшасы
Аккредиттеуден бас тартылған жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің тізімі
1) «Қазақстан Республикасының темір жол бұтақтарының иелері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
2) «Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі.
Полная версия