Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысы
1-тармақты, 2-тармақтың 2-тармақшасын және 3-тармақты қоспағанда, осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.03.2019 жылғы № 142 Қаулысына сәйкес
Редакция 02.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 253 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті құрылсын.
1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
1) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелері;
3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғалар қайта аталсын.
4. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі осы қаулының 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
5. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне берсін.
6. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 167) тармақшасын және 17-тармағының 26) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2016 жылғы 16 маусымдағы
 № 353 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі туралы ереже
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау, байланыс, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», ақпарат және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту салаларында (бұдан әрi – реттелетiн салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.02.2018 жылғы № 79 Қаулысына сәйкес (25.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.10.2018 жылғы № 641 Қаулысына сәйкес (03.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi