Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.07.2023
Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 24 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 550 Қаулысына сәйкес 
Редакция 28.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 100-1-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.02.2023 жылғы № 128 Қаулысына сәйкес (16.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 28.02.2023 жылдан бастап)
1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз консультантты тарту қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2016 жылғы 29 маусымдағы
 № 382 қаулысымен
 бекітілген
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.04.2021 жылғы № 247 Қаулысына сәйкес (29.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Тәуелсіз консультантты тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 100-1-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мынадай:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.04.2021 жылғы № 247 Қаулысымен (29.06.20169 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын жекешелендіру объектісінің (бұдан әрі – жекешелендіру объектісі) нарықтық құнын бағалау;
жекешелендіру объектісін екі кезеңдiк рәсiмдер түріндегі конкурс арқылы сату  бойынша мәмілені сүйемелдеу мақсатында тәуелсіз консультантты тарту тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.02.2023 жылғы № 128 Қаулысына сәйкес (16.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 28.02.2023 жылдан бастап)
1) жекешелендіру – мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатуды қоспағанда, мемлекеттің Заңда белгіленген арнайы рәсімдер шеңберінде мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатуы;
2) кешенді бағалау әдістемесі – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган бекітетін, тәуелсіз консультанттардың ұсыныстарында көрсетілген сапалық және сандық сипаттамаларды, көрсетілетін қызметтердің және (немесе) жұмыстардың бағасын және өзге де шарттарды ескере отырып, тәуелсіз консультанттардың ұсыныстарын бағалау үшін комиссия әзірлеген әдістеме;
3) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган Заңда көзделген жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындау және өткізу үшін құратын алқалы орган;
4) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы – мемлекеттік мүлік тізілімінің электрондық дерекқорына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;
5) сатушы – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;
6) тәуелсіз консультанттар – заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар немесе олардың бірлестіктері, сатушы жекешелендіру объектілерінің нарықтық құнына бағалау жүргізу және (немесе) жекешелендіру объектілері бойынша мәмілені сүйемелдеу мақсатында тартатын, бағалау және (немесе) инвестициялық қызметке және (немесе) қаржылық консультация беруге қатысушылар.
2-тарау. Тәуелсіз консультантты тарту тәртібі
2-тараудың тақырыбы  өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.04.2021 жылғы № 247 Қаулысымен (29.06.20169 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi