«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 28.08.2018
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 387 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2018 жылғы № 532 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 387 қаулысымен бекітілген
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 4-тармағына іске асыру мақсатында әзірленді және нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін баспа басылымдарының кейіннен ресми жариялауының тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) уәкілетті орган - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттері;
2) сараптама - оның барысында баспа басылымы ұсынатын нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде сақталатын нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндеріне сәйкестігін тексеруді уәкілетті орган жүзеге асыратын рәсім;
3) макет - кейіннен ресми жариялауға жататын нормативтік құқықтық акт мәтінінің алдын ала үлгісі.
3. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында түрлері көзделген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды (бұдан әрі - кейіннен жариялау) өздері жариялайтын мәтіндер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестігі тұрғысынан сараптамадан өткізілуі және кейіннен ресми жариялауға уәкілетті орган беретін қорытындыны алуы шартымен баспа басылымдары жүзеге асырады.
2. Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау тәртібі
4. Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау мақсатында баспа басылымы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
2) баспа басылымының заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмелері;
3) макет.
5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар келіп түскеннен кейін уәкілетті орган күнтізбелік 15 күн ішінде сараптама жүргізеді.
Сараптаманы ұсынылған макеттерді Эталондық бақылау банкінде сақталатын, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерімен салыстыру арқылы уәкілетті органның қызметкерлері жүргізеді.
6. Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша уәкілетті орган кейіннен ресми жариялауға қорытынды беру туралы не кейіннен ресми жариялаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
7. Уәкілетті органның оң қорытындысы болған кезде баспа басылымы кейіннен ресми жариялауды жүзеге асырады.
Бұл ретте уәкілетті орган кейіннен ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актінің мәтініне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көк түсті жазуы бар «Ресми мәтін» деген мөртабан қояды. Мөртабан кейіннен ресми жариялауға уәкілетті органның басшысы бекіткен тиісті қорытынды берілетін макет мәтінінің бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышына қойылады.
Кейіннен ресми жариялауға уәкілетті орган қорытынды берген нормативтік құқықтық актілердің мәтіні тиісті баспа басылымына ілеспе хатпен жіберіледі не заңнамаға сәйкес баспа басылымының уәкілетті өкіліне қолма-қол беріледі.
Уәкілетті органның қорытындысы оң болған кезде баспа басылымының құрылтай құжаттарының және макеттің көшірмелері уәкілетті органда қалады.
8. Уәкілетті орган кейіннен ресми жариялауға қорытынды алынған нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің және баспа басылымдарының есебін жүргізеді.
Есеп осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауға қорытындыларды есепке алу кітабына жазбалар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
9. Кейіннен ресми жариялауға қорытынды беруден бас тартылуы мүмкін. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген барлық қажетті құжаттардың табыс етілмеуі немесе құжаттарда ақпараттың толық немесе дұрыс көрсетілмеуі кейіннен ресми жариялауға қорытынды беруден бас тартуға негіз болады.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялаудан бас тарту туралы уәкілетті органның қорытындысы бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесімен жазбаша нысанда баяндалады және баспа басылымының құрылтай құжаттарының көшірмесімен және макеттермен бірге баспа басылымына жіберіледі, макеттің көшірмесі уәкілетті органда қалады. Бұл ретте макеттерге мертабан қойылмайды.
10. Сараптама жүргізудің дұрыстығы және анықтығы үшін уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқару жүктелген адам жауапты болады.
11. Кейіннен ресми жариялауға қорытынды алған баспа басылымдары нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін олардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне дәлме-дәл сәйкестікте корректорлық және редакторлық түзетулерсіз және қысқартуларсыз жариялайды.
12. Баспа басылымдары нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен ресми жариялау кезінде олардың қолданысқа енгізілген күнін міндетті түрде көрсетеді.
13. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау кезінде жарияланатын нормативтік құқықтық актілерге баспа басылымының қандай да бір түсіндірмелеріне жол берілмейді.
3. Қорытынды ережелер
14. Осы Қағидалардың сақталуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 387 қаулысымен бекітілген 1-қосымша
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларына қосымша
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін баспа басылымдарының кейіннен ресми жариялауына Өтініш
_______________________________________________ (баспа басылымының атауы)
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 4-тармағының және «Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы ___________ № _________ қаулысының негізінде уәкілетті органнан қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің (лерінің) мәтінін (дерін) кейіннен ресми жариялауға қорытынды беруін сұрайды.
Өзге мәліметтер: _____________________________________________
____________________________________________________________________
(баспа басылымының орналасқан жері және өзге де деректемелер)
Баспа басылымы басшысының қолы _____________________________
20 __ жылғы «__» _________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 387 қаулысымен бекітілген 2-қосымша
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларына қосымша
Ресми мәтін. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ____________________ әділет департамент (облыс, Астана және Алматы қалалары) |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 387 қаулысымен бекітілген 3-қосымша
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларына қосымша
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауға қорытындыларды есепке алу кітабы
Р/с № | Баспа басылымының атауы | Нормативтік құқықтық актілердің тізбесі | Құжаттардың берілген күні | Кейіннен ресми жариялауға қорытынды берілген күн | Өзге мәліметтер |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 387 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 тамыздағы № 938 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 28, 315-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2206 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 2, 16-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
Полная версия