«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 07.06.2017
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 шілдеде № 13885 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылдың 7 маусымынан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21.04.2017 жылғы № 82 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 90 «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11029 санымен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Министрліктің Персоналды басқару қызметі:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде қабылданғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің жауапты хатшысы С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі Т. Донақов
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 116 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12705 санымен тіркелген) және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік), оның ведомствосының және аумақтық органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау алгоритмін анықтайды.
2. Министрліктің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) жұмысын бағалау (бұдан әрі – бағалау), олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау Министрлік қызметшілерінің атқаратын лауазымындағы жұмысының нәтижелері бойынша:
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – келесі есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалау оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
Бағалау кезеңінде атқарып отырған лауазымға орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда қызметшіні бағалау өткізілмейді.
Полная версия