Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2020
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2015 жылғы 30 мамырдағы
 № 501 бұйрығына
 3-қосымша
«Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.02.2016 жылғы № 183 Бұйрығына сәйкес (30.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 14 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 жылғы № 267 Бұйрығына сәйкес
Редакция 16.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11174 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрілігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2019 жылғы № 208 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.08.2019 жылғы № 740 Бұйрығына сәйкес (15.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
«электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
3) шетелдiктер және босқын мәртебесiн алған азаматтығы жоқ адамдар үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ХҚТ ТП АЖ) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тіркеу мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезде - уақытша болатын (тұратын) мекенжайы туралы мәліметтерді енгізуі, электрондық жеткізгіші бар жеке куәлікке көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын қайта жазу болып табылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2018 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (26.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеу, Қазақстан Республикасының халқын бұрынғы тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Тұрғылықты жері бойынша анықталмаған адамдарға ХҚТ ТП АЖ-да және «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасында мәртебе беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған құжаттардың көрсетілетін қызметті алушыда болуы болып табылады;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.08.2019 жылғы № 740 Бұйрығына сәйкес (15.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен және тіркеуге келісім берген тұрғын үй иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған порталға электрондық сұрау салу немесе көрсетілетін қызметті алушының және тұрғын үй иесінің ұялы байланыс операторы порталда пайдаланушылардың есептік жазбасына ұсынған абоненттік нөмірді тіркеген және қосқан жағдайда қысқа мәтіндік хабарлама түрінде бір реттік парольмен куәландырылған электрондық сұрау салу (абоненттік нөмірді тіркеу және қосу үшін порталға алғашқы сұрау салу пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады).
Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тұратын жері бойынша тіркелгені туралы хабарлама түрінде «жеке кабинетке» жіберіледі.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы), кенттік ішкі істер органдары басқармасының (бөлімі) көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімше, топ) (бұдан әрі - КҚҚб) қызметкері қатысады – көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар қабылдау, өтінімдерді тіркеу, тұрақты тұратын жері бойынша тіркеу мекенжайы туралы мәліметі енгізу, көрсетілетін қызметті берушінің тұрғылықты тұратын жерiнің мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезде – уақытша болатын (тұратын) мекенжайы туралы  мәліметтерді  ХҚТ ТП АЖ-ға енгізу, электронды тасымалдағышы бар жеке куәліктерге көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын қайта жазу.
6-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2018 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (26.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлерінің іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы, мемлекеттік көрсетілетін процестің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, олардың орындалу ұзақтығы мен реттілігі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
7. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру ХҚТ ТП-нің жұмыс орындарындағы Мемлекеттік корпорацияда жүзеге асырылады, онда көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурстарындағы «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz, Порталдың – www.egov.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналасқан стенділерде орналастырылады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2018 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (26.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2018 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (26.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке 1, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген, осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және көрсетілетін қызметті берушінің интернет ресурсында орналастырылады.
12. Қажетті ақпаратты және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кеңесті мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының телефоны: (1414), 8 800 080 7777 бойынша алуға болады.
«Қазақстан Республикасының халқын
тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2018 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (26.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әкімшілік рәсімдердің дәйектілігі мен өзара іс-қимыл жасасудың сипаттамасы
1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірлік іс-қимылының сипаттамасы

Негізгі процестің қимылы (жұмыстың барысы, ағыны)

1

Іс-әрекет № (жұмыстың барысы, ағыны)

1

2

2

ҚФБ-ның атауы

ҚАІІб

ҚАІІб

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операциялардың) атауы және олардың сипаттамасы

Көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қабылдауы және толықтығын тексеруі

Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ресімдеу

4

Аяқталу нысандары (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)


 

Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезінде – уақытша болу мекенжайы туралы мәліметтерді ХҚТ ТП АЖ-ға енгізу, көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын электрондық тасымалдағышы бар жеке куәлікке қайта жазу, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша анықталмаған адамдарға мәртебе беру туралы мәліметтерді ХҚТ ТП АЖ-ға енгізу.

5

Орындалу мерзімдері

10 минут

20 минут

2–кесте. Негізгі процесс – Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ресімдеу.

Негізгі процесс (жұмыстың барысы, ағыны)

ҚАІІб

ҚАІІб

1. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауы және тексеруі

2. Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ресімдеу


 

3. Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы туралы, ал уақытша тіркеу кезінде – уақытша болу мекенжайы туралы мәліметтерді ХҚТ ТП АЖ-ға енгізу, көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын электрондық тасымалдағышы бар жеке куәлікке қайта жазу.

«Қазақстан Республикасының халқын
тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2019 жылғы № 208 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процесінің анықтамалығы
«Қазақстан Республикасының халқын
тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2018 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (26.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-кесте.  ЭҮП арқылы құрылымдық-функционалдық бірлік іс-қимылының сипаттамасы

1

Іс-әрекет № (жұмыстың барысы, ағыны)

1

2

3

4

5

6

7

2

ҚФБ-ның атауы

Көрсетілетін қызметті алушы

ЭҮП

Көрсетілетін қызметті алушы

ЭҮП

Көрсетілетін қызметті алушы

ЭҮП

ЭҮП

3

Іс-қимыл (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

ЭҮП-қа ЖСН және пароль арқылы авторизацияланады

Көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар заң бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

Қызметті таңдайды және сауалдың деректерін қалыптастырады, ЭЦҚ таңдайды

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ деректерінде бар заң бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

ЭЦҚ арқылы сұрау салуды растау (қол қою)

Көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП деректерінде бар заң бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

Көрсетілетін қызметті алушының қызмет көрсету нәтижесін алуы

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

-

-

-

-

-

-

Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу

5

Орындалу мерзімдері

30 сек – 1 минут

30 сек

1,5 мин

1,5 мин

30 сек – 1 минут

1 минут

15 минут

6

Келесі іс-қимыл нөмірі

2-егер көрсетілетін қызметті алушының деректерінде заң бұзушылықтар болса;

3-егер авторизация сәтті өтсе

4-егер көрсетілетін қызметті алушының деректерінде заң бұзушылықтар болса;

5-егер заң бұзушылықтар жоқ болса

-

6-егер көрсетілетін қызметті алушының деректерінде заң бұзушылақтар болса;

7-егер заң бұзушылықтар жоқ болса

-

-

2-кесте. Мемлекеттік корпорация арқылы құрылымдық-функционалдық бірлік іс-қимылының сипаттамасы

1

Іс-әрекет № (жұмыстың барысы, ағыны)

1

2

3

4

5

6

7

2

ҚФБ-ның атауы

КҚҚб-нің қызметкері

ЭҮП

КҚҚб-нің қызметкері

ЭҮП

КҚҚб-нің қызметкері

ЭҮП

ЭҮП

3

Іс-қимыл (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

ХҚТ ТП АЖ-ға логин және пароль бойынша авторизацияланады

КҚҚб қызметкерінің деректерінде бар заң бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

Көрсетілетін қызметті таңдайды және сауалдың деректерін қалыптастырады, ЭЦҚ таңдайды

КҚҚб қызметкерінің ЭЦҚ деректерінде болған заң бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

ЭЦҚ арқылы сұрау салуды растау (қол қою)

ХҚТ ТП АЖ-да КҚҚб-нің қызметкерінің деректерінде бар заң бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

Көрсетілетін қызметті алушының қызмет көрсету нәтижесін алуы

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

-

-

-

-

-

-

Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу

5

Орындалу мерзімдері

30 сек – 1 минут

30 сек

1,5 мин

1,5 мин

30 сек – 1 минут

1 минут

15 минут

6

Келесі іс-қимыл нөмірі

2-егер КҚҚб-нің қызметкерінің деректерінде заң бұзушылықтар болса;

3-егер авторизация сәтті өтсе

4-егер КҚҚб-нің қызметкерінің деректерінде заң бұзушылықтар болса;

5-егер заң бұзушылықтар жоқ болса

-

6-егер КҚҚб-нің қызметкерінің деректерінде заң бұзушылықтар болса;

7-егер заң бұзушылықтар жоқ болса

-

-

«Қазақстан Республикасының халқын
тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша
4-қосымшаның жоғары оң бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Электрондық мемлекеттік қызметті ЭҮП арқылы көрсету кезіндегі  функционалдық өзара іс-қимыл жасасудың 1-диаграммасы
Электрондық мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация АЖ арқылы көрсету кезіндегі  
функционалдық өзара іс-қимыл жасасудың 2-диаграммасы
Полная версия
ИС BestProfi