1. "Салық төлеушілерді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 27.07.2020
"Салық төлеушілерді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 08.12.2015 жылғы № 631 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 27 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрінің м.а. 10.07.2020 жылғы № 665 Бұйрығына сәйкес
Редакция 27.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету орталықтары арқылы;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 05.07.2017 жылғы № 418 Бұйрығына сәйкес (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (08.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
3) "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (08.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 06.03.2017 жылғы № 150 Бұйрығына сәйкес (27.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1)салық төлеуші туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорға (бұдан әрі – СТ МДҚ) енгізу – тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2)салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгертулер енгізу – тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – көрсетілетінқызметті берушіге – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;
4) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия