1. «Жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11167 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2018
"Жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 412 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 маусымда № 13759 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
«20. Қазақстан Республикасының көліктік шығыстар мен өткізу шығындары шегеріле отырып, жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға қатысты мәмілелер жасасу кезінде қолданатын, бағадан аспайтын бағалар бойынша жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын сатып алуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы бар.»;
«23. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылуы кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының саны әрбір тиісті санат бойынша қызметкерлердің жалпы санының елу пайызынан кем болмауға тиіс менеджерлер мен мамандарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға басымдық беруге міндеттенеді. Бұл ретте, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын басшылар үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының санына арақатынасты сақтау бойынша талаптар қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
23-1. Қазақстандық кадрлардың саны жұмысқа тартылған кадрлардың жалпы санынан пайыздық қатынаста мердігерлік және субмердігерлік жұмыстарға тартылған персоналды қоса алғанда, басшылық құрам бойынша__%, жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар бойынша__%, білікті жұмысшылар бойынша__% құрауы тиіс, оның ішінде жылдар бойынша:
жыл | Басшылық құрам | ЖБ және ОКБ бар мамандар | білікті жұмысшылар |
1 жыл | |||
2 жыл | |||
... | |||
(бағалау жұмыстары кезінде) |
Осы тармақтың талаптары осы модельдік келісімшарттың 23-тармағына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылған, шетел азаматтары болып табылатын басшыларға, менеджерлер мен мамандарға қатысты таралмайды.»;
«26. Барлау жүргізу кезінде тауарларды және жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу Заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдаланушы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу кезінде, егер осы жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) Қазақстан Республикасының резидент еместері орындайтын біртектес жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, теміржол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) қазақстандық өндірушілерді тартуға міндеттенеді.
Бұл ретте барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезеңде келісімшарт бойынша жергілікті қамту мөлшері жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) қатынасы бойынша ______ пайызды құрауы тиіс, оның ішінде жылдар бойынша:
Жыл | Жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) |
1 жыл | |
2 жыл | |
... | |
(бағалау жұмыстары кезінде) |
»;
«Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындау жер қойнауын пайдаланушының, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты емес, қосылған құны жоғары өнімді (қайта жасалуы жоғары) алуға бағытталған жұмыстарға, экология, еңбекті қорғау, жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету, өндірістік қызмет шеңберінде (технологиялық цикл) энергия үнемдеу саласындағы зерттеулерге жұмсаған нақты шығыстар және «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстар болып табылады»;
Полная версия