«Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2020 жылғы 27 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрінің м.а. 10.07.2020 жылғы № 665 Бұйрығына сәйкес
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 20.01.2016 жылғы № 21 Бұйрығына сәйкес (04.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 18.02.2016 жылғы № 71 Бұйрығымен (20.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 04.10.2017 жылғы № 595 Бұйрығымен (16.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы;
3) бейрезиденттің есептелген табыстарының және төлеуге жататын салықтардың сомалары көрсетілген, салық есептілігінің тиісті нысанын бейрезидент-салық төлеушінің және (немесе) салық агентінің табыс етпегендігі туралы Мемлекеттік корпорацияның жазбаша жауабы болып табылады.
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2016 жылғы № 71 Бұйрығына сәйкес (20.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті ұсынуы негіздеме болып табылады.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 16.05.2017 жылғы № 312 Бұйрығына сәйкес (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
жеке басын куәландыратын құжатпен салықтық өтініште көрсетілген деректерді (сұралып отырған қызметті алуға көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің өкілеттіктерінің нотариалды куәландырылған сенімхатының бар-жоғын, заңды тұлғаның мүдделерін білдіруге сенімхат ұсынылған жағдайда, бір уақытта заңды тұлғаның басшысының қолы мен мөрінің бар-жоғын тексереді) салыстырып тексереді – 2 (екі) минут;
салық төлеушінің салықтық өтініште көрсетілген деректерін «Біріктірілген салықтық ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – БСАЖ АЖ) тіркеу деректеріндегі мәліметтермен салыстырып тексереді – 5 (бес) минут;
көрсетілетін қызметті алушыға осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес салықтық өтінішті алғаны туралы талон (бұдан әрі – талон) береді – 5 (бес) минут;
2) кіріс құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер құжаттарды өңдейді (салық төлеуші және (немесе) салық агенті салық есептілігі нысандарында көрсетілген деректердің сәйкестігін резидент еместің салықтық өтініш деректерімен салыстырып тексереді) – күнтізбелік 10 (он) күн ішінде;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)