1. Осы Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды 2019 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес 1-қосымша өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 жылғы № 8 Бұйрығымен (14.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 1-қосымша өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 жылғы № 242 Бұйрығымен (14.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 1-қосымша өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 жылғы № 5 Бұйрығымен (14.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-қосымша өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.03.2019 жылғы № 146 Бұйрығымен (04.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-қосымша өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 жылғы № 461 Бұйрығымен (27.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 07.02.2022 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес (26.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
Редакция 16.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыр жұмыстар – жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері;
2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Еңбек нарығы» ААЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2022 жылғы № 178 Бұйрығына сәйкес (07.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);
4) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
5) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
6) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;
7) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;
8) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;
9) қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыттағы еңбек қызметінің түрлері;
10) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
11) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
12) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – жұмыспен қамту орталығы) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
13) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы (бұдан әрі – Электрондық еңбек биржасы) – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе;
14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Полная версия