• Мое избранное
Құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған арнайы экономикалық аймақтар мен объектілер қызметінің басым түрлерінің тізбелерін, сондай-ақ Қызметтің басым түрлерін арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің тізбесіне және құрылыс объектілерін құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілер тізбесіне қосу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 04.12.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған арнайы экономикалық аймақтар мен объектілер қызметінің басым түрлерінің тізбелерін, сондай-ақ Қызметтің басым түрлерін арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің тізбесіне және құрылыс объектілерін құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілер тізбесіне қосу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 10 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.12.2018 жылғы № 802 Қаулысына сәйкес
Редакция 12.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің тізбесі;
2) құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілер тізбесі;
3) Қызметтің басым түрлерін арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің тізбесіне және құрылыс объектілерін құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілер тізбесіне қосу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
  • 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 20 қаңтардағы
№ 10 қаулысымен
бекітілген
  • 1
Арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің тізбесі
 «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы
1) Өзге де металл емес минералдық өнiм өндiру;
2) машиналар мен жабдықтарды жасау;
3) тұрмыстық электр аспаптарын жасау;
4) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
5) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
6) металлургия өнеркәсібі;
7) электр жабдығын, оның ішінде электр-жарық беруші жабдық жасау;
8) жарық беруші аспаптарға арналған шыны компоненттерін өндіру;
9) тамақ өнімдерін өндіру;
10) сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз бен картон өндіру;
11) жиһаз жасау;
12) автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді жасау;
13) темір жол локомотивтері мен жылжымалы құрамды жасау;
14) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын жасау;
15) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды өндіру;
16) электрондық бөлшектер жасау;
17) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
18) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын-үй кешендерін салу және пайдалануға беру;
19) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;
20) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру.
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия паркі» арнайы экономикалық аймағы
1) Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
2) мұнай-химия өнімдерін өндіру;
3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру.
«Ақтау теңіз айлағы» арнайы экономикалық аймағы
1) Тұрмыстық электр аспаптарын жасау;
2) былғары және оған қатысты өнімдер өндіру;
3) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
4) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
5) өзге де металл емес минералды өнім өндіру;
6) металлургия өнеркәсібі;
7) дайын металл бұйымдарын жасау;
8) машиналар мен жабдықтарды жасау;
9) мұнай-химия өнімдерін өндіру;
10) негізгі фармацевтикалық өнімдер және препараттар өндіру;
11) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
12) электр моторларын, генераторлар, трансформаторлар, электр таратқыш және бақылау аппаратурасын жасау;
13) электр өткізгіштерді және электр өткізгіш аспаптарын жасау;
14) жобалау-сметалық құжаттамаға шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру.
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы
1) Дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау, бағдарламалық қамтылымды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау;
2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);
3) жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негiзiнде жаңа ақпараттық технологияларды жасау;
4) ғылым саласындағы уәкілетті орган берген, осындай жұмыстарды жүргізу туралы қорытынды болған кезде ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және байланыс, электроника, аспап жасау, жаңартылатын энергия көздері, ресурс үнемдеу және табиғат пайдалану саласында, жаңа материалдар жасау және қолдану, мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу;
5) мәтiндердi өңдеуге арналған машиналарды, көшiру-көбейту жабдықтарын, жөнелту машиналарын, калькуляторларды, кассалық аппараттарды, таңбалау машиналарын, билет-кассалық машиналарды жасау, басқа да кеңсе машиналары мен жабдықтарын, электрондық есептеу машиналарын және ақпаратты өңдеуге арналған өзге де жабдықтарды жасау;
6) электр-және радио элементтердi, таратушы аппаратураны, дыбыс пен бейненi қабылдауға, жазуға және шығаруға арналған аппаратураны жасау;
7) электрондық, өлшейтін, оптикалық, жарық беруші аспаптарды жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мамандықтар тізбесі бойынша инновациялық технологиялар саласындағы бiлiм беру қызметi;
9) жаңа материалдарды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;
10) тұрмыстық электр аспаптарын: тоңазытқыштар, мұздатқыштар, кір жуғыш машиналар жасау;
11) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру.
Ескертпе
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асыру талабы қызметтiң мынадай түрлерi:
1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау, бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау;
2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);
3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау мен енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті талап болып табылмайды.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы
1) Киiмнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын шығару;
2) өзге де тоқылған және трикотаж бұйымдарын шығару;
3) үлбірден және теріден тігілетін киімді қоспағанда, киім шығару;
4) иіру, тоқу және әрлеу өндірісі;
5) киімнен басқа, тоқыма емес бұйымдар шығару;
6) кiлемдер мен кiлем бұйымдарын шығару;
7) ағаш қоймалжыңын және целлюлоза шығару;
8) қағаз және қатырма қағаз шығару;
9) теріні илеу мен өңдеуді, үлбірді өңдеу мен бояуды қоспағанда, тері өнімін шығару;
10) жазу қағазы бұйымдарын шығару;
11) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.10.2017 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (20.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)
12) кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру;
Осы Бөлім 12-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 06.10.2017 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
13) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру.
Осы Бөлім 13-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 06.10.2017 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағы
Бөлім алынып тасталды ҚР Үкіметінің 12.03.2018 жылғы № 118 Қаулысына сәйкес (06.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы
1) Металлургия өнеркәсібі;
2) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;
3) авиациялық, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналарды жасау;
4) автокөлік құралдарын, трейлерлерді және жартылай тіркемелерді жасау;
5) компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнімдерді жасау;
6) электр жабдықтарын жасау;
7) химия өнеркәсібі өнімдерін жасау;
8) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
9) өзге де металл емес минералдық өнiмдердi жасау;
10) гидравликалық жабдықты жасау;
11) өзге де сорғыларды, компрессорларды, тығындар мен қақпақшаларды жасау;
12) өзге де шүмектер мен бұрандаларды жасау;
13) подшипниктерді, тегершіктер мен тісті берілістердің элементтерін және жетектерді жасау;
14) плиталар, пештер және пеш оттықтарын жасау;
15) көтеру және тасымалдау жабдығын жасау;
16) қол электр құралдарын жасау;
17) өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын жасау;
18) сұйық минералдарға арналған тазалау аппараттарын жасау;
19) сұйық минералдарды немесе ұнтақтарды өндіруге, диспергациялауға немесе тозаңдатуға арналған жабдықты жасау;
20) мұнайды тазалауға, химия өнеркәсібіне, сусындар өндіру жөніндегі индустрияға арналған тазалау жабдығын жасау;
21) центрифугалар (қаймақайырғыштар мен кептіру аппараттарынан басқа) жасау;
22) судың кері циркуляциясы арқылы тікелей суыту үшін су суыту бағандарын жасау;
23) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын жасау;
24) металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықты жасау;
25) өзге де металл өңдейтiн станоктарды жасау;
26) металлургияға арналған машиналар мен жабдықты жасау;
27) тау-кен өндiру өнеркәсiбiне, жерасты жұмыстарына және құрылысқа арналған техниканы жасау;
28) тамақ өнiмдерiн, сусындарды және темекi бұйымдарын өндiруге және қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау;
29) тоқыма, тiгiн, үлбiр және терi бұйымдарын дайындауға арналған жабдықты жасау;
30) қағаз бен қатырма қағазды дайындауға арналған техниканы жасау;
31) резеңкенi, пластмассалар мен басқа да полимер материалдарды қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау;
32) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру.
«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы
1) Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
2) тамақ өнімдерін өндіру;
3) былғары және оған жататын өнім өндіру;
4) тоқыма бұйымдарын жасау;
5) өзге де металл емес минералдық өнiмдердi өндiру;
6) химия өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiру;
7) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;
8) басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдық жасау;
9) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес көрмелер, музейлер ұйымдастыруға арналған ғимараттар, қойма және әкімшілік ғимараттарын салу;
10) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру.
«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы
1) Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
2) мұнай-химия өнімдерін өндіру;
3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.10.2017 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (20.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)
4) металлургия өнеркәсібі;
Бөлім 4-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 06.10.2017 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
5) өзге де металл емес минералдық өнiмдер өндiру;
Бөлім 5-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 06.10.2017 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
6) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;
Бөлім 6-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 06.10.2017 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
7) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау.
Бөлім 7-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 06.10.2017 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы
1) Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
2) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
3) өзге де металл емес минералдық өнiмдерді өндiру;
4) химия өндірісі үшін машиналар мен жабдық жасау;
5) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру.
  • 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 20 қаңтардағы
№ 10 қаулысымен
бекітілген
  • 1
Құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілер тізбесі
1. Өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар, құрылыстар:
1) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабында көрсетілген белгілері бар қауіпті өндірістік объектілер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сондай деп сәйкестендірілетін объектілер;
2) өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпті емес өндірістік-шаруашылық құрылыстарды (тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды, сондай-ақ өзге де жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін жеке тұрған қоймалар және сақтау қоймалары) қоса алғанда, өндірістік объектілер (машина жасау, көлік, құрастырушы, өңдеуші, жеңіл және өнеркәсіптің басқа да салаларының объектілері);
3) жылу-энергетикалық ғимараттар мен құрылыстар;
4) домна пештерінің орталық тораптары, түтін құбырлары;
5) агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары (сүт, ет өнімдерін өндіру жөніндегі мал шаруашылығы кешендері), жылыжай комбинаттары;
6) өндірістік ғимараттар мен құрылыстар және (немесе) крандары бар өндірістік ғимараттар мен құрылыстар;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.10.2017 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (20.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)
7) өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпті өндірістік-шаруашылық құрылыстарды қоса алғанда, (тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды, сондай-ақ өзге де жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін жеке тұрған қоймалар мен сақтау қоймалары) қажетті инфрақұрылымы бар мұнай-химия және химия өнеркәсібінің өндірістік объектілері.
1-тармақ 7-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 06.10.2017 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
2. Өзге құрылыстар:
1) мұнай, мұнай өнімдері, сұйытылған газ резервуарлары;
2) гидротехникалық құрылыстар;
3) жобалау жөніндегі мемлекеттік нормативтерге сәйкес белгіленетін мұнайдың, мұнай өнімдерінің және газдың жерасты қоймалары;
4) газдың, мұнай өнімдерінің магистральдық құбырлары;
5) газ тарату станцияларының объектілері;
6) топтық су тартқыштарды қоса алғанда, магистральдық және тарату (орамішілік, көшелік), су бұру желілері және кәріздік коллекторлар және олардағы құрылыстар, су құбыры және кәріздік тазарту құрылыстары (СТҚ және КТҚ), сондай-ақ сорғы станциялары мен су тоғандары;
7) траншеясыз әдіспен орындау кезінде топтық су тартқыштар және кәріздік коллекторлар;
8) магистральдық және одан тарату (орамішілік) жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;
9) сыртқы сумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар, оның ішінде тарту (орамішілік, көшелік) алаңішілік сумен жабдықтау желілері, орамішілік су бұру желілері;
10) сыртқы жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;
11) шаруашылық-тұрмыстық және техникалық сумен жабдықтау үшін су құбыры ұңғымаларын жайластыру және олардағы құрылыстар;
12) телевизия мұнаралары және байланыстың антенналық-мачталық құрылыстары;
13) желілердің желілік-кабельдік құрылыстары;
14 электр беру желілері және өзге де электр-желілік шаруашылық объектілері;
15) спорт және серуендеу кемелеріне қызмет көрсетуге арналған мамандандырылған порттарды қоспағанда, өзен және теңіз порттары;
16) ғарыш айлақтарын қоса алғанда, ғарыш инфрақұрылымы объектілері; ұшыру кешендері және тасымалдағыш зымырандарды іске қосу қондырғылары; ғарыш аппараттарын басқаратын жерүсті кешендері; команда беру-өлшеу кешендері; ақпаратты қабылдауға, сақтауға, өңдеуге және таратуға арналған жерүсті нысаналы кешендер; ғарышты зерттеудің ғылыми-эксперименталдық базасы; антенналық кешендер; обсерваториялар; тәжірибелік өндірістер; ғарыш аппараттарын, тасымалдағыш зымырандарды және олардың құрамбөліктерін жинау, монтаждау, сынау жөніндегі кәсіпорындар; қауіпсіздікті және объектілердің инженерлік-техникалық беріктігін қамтамасыз етуге байланысты ғимараттар мен құрылыстар;
17) қатты тұрмыстық қалдықтардың полигондары;
18) өнеркәсіптік улы қалдықтарды залалсыздандыру және көму полигондары.
3. Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:
1) көп функционалды ғимараттар, оның ішінде әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;
2) қонақ үй кешендері (мотельдер, туристік базалар);
3) мектеп-инернаттарының жатын корпустарының, балаларға арналған демалу лагерлерінің ғимараттары;
4) тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;
5) құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған контейнерді және блоктарды пайдаланып жасалатын мобильді кешендер, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары;
6) уақытша маусымдық және қосалқы мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар (парниктер, павильондар, шағын қоймалар, байланыс, жарықтандыру тіректері, қоршаулар және сол сияқты құрылыстар);
7) өрт депосының кешендері;
8) әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік ғимараттардың ішіндегі автоматты күзет-өрт дабыл және тарту-шығару желдеткіш жүйелері;
9) жерүсті немесе жерасты гараждар-тұрақтар;
10) вахталық кенттердегі әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілер.
  • 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 20 қаңтардағы
№ 10 қаулысымен
бекітілген
  • 1
Қызметтің басым түрлерін арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің тізбесіне және құрылыс объектілерін құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілер тізбесіне қосу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қызметтің басым түрлерін арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің тізбесіне және құрылыс объектілерін құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілер тізбесіне қосу қағидалары (бұдан әрі – Қосу қағидалары) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және қызметтің басым түрлерін арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің тізбесіне және құрылыс объектілерін құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілер тізбесіне (бұдан әрі – ҚБТ тізбелері) қосу тәртібін айқындайды.
2. ҚБТ тізбелеріне арнайы экономикалық аймақтар құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында айқындалған арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің басым түрлері мен құрылыс объектілері (бұдан әрі – ҚБТ және (немесе) объектілер) қосылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.10.2017 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (20.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қосу тәртібі
3. ҚБТ тізбелеріне ҚБТ және (немесе) объектілерді қосу туралы ұсынысты арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ҚБТ және (немесе) құрылыс объектілерін қосуға мүдделі орталық немесе жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар мынадай:
1) инвестицияның болжанатын көлемі;
2) өндірістің болжанатын көлемі;
3) жұмыс орындарының болжанатын саны;
4) бюджеттің шартты шығындарының есептеулері туралы ақпаратты қамтитын негіздемені ұсына отырып, енгізеді.
4. ҚБТ және (немесе) құрылыс объектілерін ҚБТ тізбелеріне қосу туралы ұсыныс түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган өз құзыреті шеңберінде материалдардың толықтығын және ҚБТ тізбелеріне ҚБТ және (немесе) объектілерді қосудың негізділігін қарайды.
5. Уәкілетті орган ҚБТ және (немесе) объектілерді ҚБТ тізбелеріне қосу туралы ұсынысты негізді теп таныса, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде уәкілетті орган ҚБТ және (немесе) объектілерді ҚБТ тізбелеріне қосу туралы ұсынысты мүдделі мемлекеттік органдардың, арнайы экономикалық аймақты басқарушы органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қарауына жібереді.
ҚБТ және (немесе) объектілерді ҚБТ тізбелеріне қосу ұсынысын уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдардың, арнайы экономикалық аймақты басқарушы органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жалпы қарау мерзімі осындай ұсыныстың енгізілген күнінен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.
Мүдделі мемлекеттік органдар, арнайы экономикалық аймақты басқарушы орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚБТ және (немесе) объектілерді ҚБТ тізбелеріне қосу туралы ұсыныс өздеріне қарауға келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға өз қорытындыларын ұсынады.
6. Мүдделі мемлекеттік органдардың, арнайы экономикалық аймақты басқарушы органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ҚБТ және (немесе) объектілерді ҚБТ тізбелеріне қосу туралы ұсынысты қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осындай ұсынысты мынадай жағдайларда қайтарады:
1) ҚБТ және (немесе) объектілерді ҚБТ тізбелеріне қосудың орынсыздығы;
2) ҚБТ және (немесе) объектілерді ҚБТ тізбелеріне қосу туралы ұсыныстың мемлекеттік экономикалық саясат басымдықтарына сәйкес келмеуі;
3) ұсынылған материалдардың дәйексіздігі;
4) ұсыныстардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкес келмеуі;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау қажеттігі, тарихи-мәдени мұра объектілерінің жойылу және бүліну қаупі және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі.
ҚБТ және (немесе) объектілерді ҚБТ тізбелеріне қосу туралы ұсынысты қайтару ҚБТ және (немесе) объектілерді ҚБТ тізбелеріне қосу туралы келесі өтінім беру үшін кедергі болып табылмайды.
7. ҚБТ және (немесе) объектілерді ҚБТ тізбелеріне қосу туралы ұсынысты қайтару үшін негіздеме болмаған жағдайда, уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде ҚБТ және (немесе) объектілерді ҚБТ тізбелеріне қосу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімінің жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.