• Мое избранное
Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 ақпанда № 14815 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2018 жылғы № 436 Бұйрығына сәйкес
Редакция 02.08.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. «Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 232  бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13816 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
______________ Д. Абаев
2017 жылғы «____» _____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы «____» ____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі
_______________Т. Сүлейменов 
2017 жылғы «____ » ____________
Қазақстан Республикасы
Премьер–Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 50 бұйрығымен бекітілген
  • 1
Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.06.2018 жылғы № 233 Бұйрығына сәйкес  (01.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялау) тәртібін айқындайды.
2. Субсидиялау тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады. Тиісті қаржы жылына көзделген бюджет қаражаты толық игерілген жағдайда жұмыс органы өтінімдер қабылдауды тоқтата тұру туралы ұсынысты субсидиялар қаражатын бөлу жөніндегі комиссияның қарауына енгізеді.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) ауыл шаруашылығы жануарлары – адамдар өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлар (ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, түйе, шошқа және құс);
3)кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарты (бұдан әрі – субсидиялау шарты) – қаражаттарды аударудың тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін, қарыз алушылардың тізбесін көздейтін, жұмыс органы мен қаржы институты арасында жасалатын жазбаша келісім, оған сәйкес жұмыс органы қарыз алушының қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды;
4) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, қазақстандық қаржы институттары арқылы банктік операцияларды жүргізетін шетелдік және халықаралық қаржы институттары, банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар кредиттік ұйымдар, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы лизингтік компаниялар мен кредиттік серіктестіктер;
5) қарыз алушы – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен және/немесе өңдеумен, тамақ өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарын қоса алғанда, меншік нысанына қарамастан жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу бойынша қызметтерді көрсететін, қаржы институттарымен қарыз шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
6) қарыз шарты – оның талаптары бойынша қаржы институты кредит/лизинг ұсынатын қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қарыз шарты, сондай-ақ темекі, алкогольдік өнімді, қару мен оқ-дәріні өндірумен және (немесе) саудалаумен, ойын бизнесімен байланысты қаржылық қызметке, сондай-ақ ислам қаржыландыруына жататын ақшаны инвестициялаудан пайыздар түрінде сыйақы алуға бағытталмаған ислам қағидаттарындағы қаржыландыру шарттары;
7) қызмет көрсетуші банк – қарыз шарттары бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған қаржы институтының арнайы ағымдағы шотын жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыруға қаржы институты уәкілеттік берген (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар мен ауылдық кредиттік серіктестіктер үшін) екінші деңгейдегі банк;
8) субсидиялар қаражатын бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – жұмыс органының, қаржы институттары мен мүдделі салалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысатын, облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана әкімінің орынбасарлары басқаратын, оның мүшелері «Атамекен» Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кәсіпкерлер палатасымен келісілуі мүмкін алқалық орган.
Облыстар, республикалық маңызы бар қала әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармалары және Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы субсидиялар қаражатын бөлу жөніндегі комиссиялар жанындағы жұмыс органдары (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады;
9) сыйақы мөлшерлемесі – қарызды/лизинг мәнін пайдаланғаны үшін қаржы институтына тиесілі пайыздық мәндегі төлем, оның ішінде исламдық қаржыландыру қағидаттарында жасасқан қарыз шарты бойынша қарыз алушы төлейтін кірістілік мөлшерлемесі;
10) технологиялық жабдық – тікелей және қосалқы мақсаттағы жабдықтардан тұратын, оларды қолданбаусыз толық технологиялық цикл қамтамасыз етілмейтін, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу жөніндегі жабдықтар.
2-тарау. Субсидиялар алу шарттары
4. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған субсидиялау шартын субсидиялау шартында көрсетілген талаптарда субсидиялау жалғастырылады.
5. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) жұмыс органына берілгенге дейін 4 (төрт) жылдан ерте емес жасалған қолданыстағы қарыз шарттары субсидиялауға жатады.
6. Комиссия мақұлдаған қарыз шартын субсидиялау мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:
1) теңгемен жылдық 17 (он жеті) %-дан артық емес және шетелдік валютамен жылдық 7 (жеті) %-дан артық емес бекітілген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жасалған;
2) нысаналы мақсаты негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс, айналым қаражаттарын толықтыру, ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит/лизинг болып табылады;
3) сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалары бойынша субсидияланбауы тиіс;
4) қарыздың/лизингтің қаржыландыру көзі бюджеттің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты болмауы тиіс;
5) жұмыс органына өтінім берілген күнге негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелері жоқ.
Жаңа, бұрын пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдық субсидиялауға жатады. Қайтарымды лизинг, сублизинг шарттары бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды.
7. Субсидиялауды жүзеге асыру үшін қаржы институты немесе қарыз алушы жұмыс органына беру үшін Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды береді:
1) өтінім;
2) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген, қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған қарыз шартының қаржы институты растаған көшірмесі;
3) сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелерімен жаңартылған өтеу кестесінің жобасы (мөлшерлеменің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелерімен бірге редакцияланатын электрондық форматта жұмыс органына жолданады);
4) кредит алғаны туралы қарыз алушының несиелік шотынан үзінді-көшірме (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе қарыздың аударылғанын/лизинг мәнін бергендігін растайтын құжат;
5) қарыз алушының субсидиялау бағдарламасына қатысуына қаржы институтының келісім хаты (қарыз алушы өз бетінше өтінім берген кезде).
8. Ол бойынша субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған қарыз шарты субсидиялау бағдарламасына қайтадан қатысуға жіберілмейді.
9. Қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру, негізгі құралдарды (оның ішінде биологиялық активтерді) сатып алу кезінде олардың құнын арзандатуды субсидиялау, жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен қатар жүреді.
3-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі
10. Комиссия мақұлдаған қарыз шарты бойынша субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өтінім мақұлданған күннен бастап қарыз шартының қолданылу мерзімінің соңына дейін жүзеге асырылады.