• Мое избранное
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органын және құзыретті органдарын айқындау туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органын және құзыретті органдарын айқындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 486 Жарлығы

Редакция 20.02.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
2015 жылғы 16 қазанда Бурабайда жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 11-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы – орталық құзыретті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру қызметі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Келісімді орындауға жауапты құзыретті органдар болып айқындалсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.03.2019 жылғы № 878 Жарлығына сәйкес (01.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 22.07.2019 жылғы № 74 Жарлығына сәйкес (18.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 20.02.2021 жылғы № 515 Жарлығына сәйкес (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаев