• Мое избранное
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 6

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сəйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жəне тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі, оған Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің қорғаныс өнеркəсібі, бірыңғай əскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу, əскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру жəне орындау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, оған Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің жұмылдыру дайындығы жəне жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру жəне дамыту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып;
3) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі, оған:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің геодезия жəне картография саласындағы;
Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің елдің инновациялық саясаты, ғылыми-техникалық дамуы саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, оны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігімен келісім бойынша мемлекеттік органдардың жəне оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын қайта бөлуді;
2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрліктері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрліктерінің берілетін функциялары мен өкілеттіктері шегінде құқықтары мен міндеттемелерінің құқық мирасқоры болып айқындалсын.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі".
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ