• Мое избранное

Отправить по почте

Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 қаулысы

Редакция 19.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.10.2024 жылғы № 820 Қаулысына сәйкес (24.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 24 қазандағы 
​№ 798  қаулысымен
бекітілген
Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.
5. Қазақстан Республикасының Экономикалық тергеу қызметі.
6. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
7. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі.
9. Азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен əскери бөлімдері.
Тізбе 9-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.10.2024 жылғы № 820 Қаулысына сәйкес (өзгерту 19.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 24 қазандағы
 № 798 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 желтоқсандағы № 1804 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 қарашадағы № 1503 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 қазандағы № 1138 қаулысы.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2004 ж., № 4, 56-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 996 қаулысы.
7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 38 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2006 ж., № 4, 32-құжат).
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 340 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 148-құжат).
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 585 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 189-құжат).
10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 695-құжат).
11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1098 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 585-құжат).
12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 628 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдері мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 51, 333-құжат).