• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Министерство Финансов РК ответ от (08.07.2016) на обращение от (07.07.2016) № 441735

Вопрос
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтановқа ОҚО Шымкент қаласы, Хаят көшесі 9 А үйдің тұрғыны Мамыров Аян Жораханұлынан Тел: 87024060909 Mamyrov_92@mail.ru Мен, Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мекемесінде жұмыс атқарамын және осыған байланысты жұмыс барысында туындаған мынандай сұраққа заңды түсіндірме беруіңізді сұраймын. Мемлекеттік мекеме жеңіл көлік қызметін «бағалы ұсыныстарға сұраным» тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алу порталына хабарландыру беріп, оны жеңімпаз ұтып алды. Осы жеңімпазға Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес электронды түрде келісім-шарт жобасы жөнелтілген және оны жеңімпаз ЭЦҚмен куәландырып қайтарған, яғни келісім шартқа қол қойған. Келесі қадам тиісті қазынашылық органында тіркелуі керек және осыдан кейін ғана заңды күшіне енітін болады. Осы тұста жеңімпаз қазынашылық органында алдын тіркелмеген болып, одан Қазақстан Республикасының қаржы министрінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығының (әрі қарай –Бұйрық) 189 тармағына сәйкес құжаттар сұратылған және бұл бойынша жазбаша хаттар 3 мәрте жолданған. Алайда, сұратылған құжаттар жеңімпазбен ұсынылмаған. Сұрақ 1. Осылай шарт жасалса да, заңды күшіне енбегендігіне байланысты жеңімпаз жұмысын атқармай отыра бере ма? 2. Шартты мемлекеттік орган тіркеуге өтініш береді деген алайда, жеңімпаздың банкте шоты бар туралы анықтаманы қайдан алады? Оны жеңімпаздың өзіне ғана береді. Ал жеңімпаз сұратылған құжатты әкеліп бермей отыр. 3. Сотқа міндеттемесін орындамады деп жосықсыз қатысушыларға тізіміне енгізуге талап арыз берейін десем шарттың қазынашылық органында тіркелмегендігіне байланысты заңды күші яғни міндеті жоқ. 4. Сотқа шартты жасасудан жалтарды деп, талап арыз берейн десем жеңімпаз шартқа қол қойған. Заңдағы осындай тупикке байланысты мен (яғни мемлекеттік мекеме қызметкері) не істеймін? 5. Жеңімпаз банкте шоты бар туралы анықтаманы мемлекеттік мекемеге қазынашылық органында туркеу үшін әкеліп беруді міндеттегені Заңдардың қай жерінде бар. Әкелмеген жағдайда қандай іс-әрекеттер мемлекеттік мекеме тарапынан жасалу керек? Осы сұрағыма заңды түсіндірме беруіңізді сұраймын. Мен ол шартты не істеймін жоямын ба? Қалай? Осы сұраққа заңға сәйкес 15 күннің ішінде нақты жауап беруіңізді сұраймын. Өйткені «мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның және №540 Бұйрық әзірлеушісі сіздерсіздер сол үшін бұрмаланған және сұраққа жауап беруден қашатын жауаптар бермеулеріңізді өтінемін. Мен бұл заңды түсіндірмені алу үшін уже 3 рет жазып ала алмай отырмын. Барлығынды сырғытпа жауаптар. Ары қарай да жауап ала алмасам Президент әкімшілігіне жүгінуге мәжбүр екендігімді хабарлаймын. Мамыров А.Ж.Приложения:министрге хат.docx