Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (14.07.2016) на обращение от (05.07.2016) № 441681
Мен, Шаянбаев Дарқан Мұратханұлы Семей қаласы 3 тілде оқытатын Шәкерім атындағы №5 гимназияның оқушысы Мұратханов Шыңғыс Дарқанұлының әкесімін. Ұлым Шыңғыс Мұратханов Дарқанұлы 2014 жылдың 1-3 наурыз аралығында Семей қаласының Н.Назарбаев атындағы интелектуалдық мектебіне түсу үшін емтихан тапсырған. Қорытындысы бойынша интернет желісі арқылы түсті деген хабарлама келіп қуанған болатынбыз. Бірақ бұл қуанышымыз узаққа бармады. Себебі, жоғарыда айтылған хабарламадан кейін, қайталап 10 шы болып резервте тұр деген хабарлама келді. Бұған қандай себептер болғанын білу үшін мен, мектеп мүдіріне бардым, ол кісі 10 - шы болып резервта тұрса көп тоспайсыздар деп шығарып салды. Ал, ұлым Шыңғыстың бұл мектепке деген құштарлығы өте зор, бірақ мүмкіншілік жоқ. Ал, осы мектепке түсу үшін қандай жолдар болуы мүмкін. Яғни, 3 жылға тартар уақытта ешбір бала ауысқан жоқпа, шыққан жоқпа осы жағы бізге үлкен сұрақтарды туындатады. Сондықтан сабақтың үздігі, Қазақстандық - жас партиоттар Академиясынының мүшесі (№00173 куәлік 2016 жылғы 4 сәуір) дарынды оқушының Н.Назарбаев атындағы интелектуалдық мектепте оқуына еш кедергі болмауы тиіс деп ойлаймыз. Сізден өтініп сұрайтынымыз әділ жолмен емтихан тапсыртып, немесе кезегі келсе аталған оқу орынына ауысуға көмегіңізді беруіңізді сұраймыз. Алдын - ала алғысымызды білдіреміз