• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Председатель Комитета внутреннего государственного аудита ответ от (09.01.2017) на обращение от (19.05.2016) № 435153

Вопрос
Қайырлы күн құрметті министр! Мен, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында заңгер болып лауазым атқарамын. ҚР аумағында бірінші басшының бұйрығы негізінде іс сапарға жиі шығамын. Іс сапар шығындары ҚР Үкіметінің 22.09.2000 жылғы № 1428 қаулысының талаптары бойынша төленеді. 2015 жылы қаржылық бақылау инспекциясы тарапынан тексеріс болып, нәтижесінде жол жүру шығыстарын төлеу үшін жол жүру билетіне қоса, «фискальдық чек» болу керек деген талап енгізіп кетті. Содан бері есеп бөлімінің қызметкерлері құны анық жазылған (мысалы, 500, 1000т болсын) жол жүру билеттеріне қоса, «фискальдық чек» талап етіп, соңғысы болмаса, ең төмен мөлшерде төлейтін болды. Мен бұл талаппен келіспедім, себебі № 1428 Қаулыға сәйкес, жол жүру құнының ең төмен мөлшері – жол жүру билеттері болмаған кезде төлену керек. Сұрақ: 1. Облыстық қаржылық бақылау қызметкерінің жол жүру билетіне қоса «фискальдық чек» талап ету жөнінде нұсқау беруі заңды ма? 2. Заңсыз болса, осы кезге дейін жартылай төленбей қалған жол жүру шығыстарын Жұмыс беруші қайтарып беруге тиіс пе? Жауабыңызға алдын ала рахмет.