Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (09.06.2016) на обращение от (06.06.2016) № 440049
Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл Қайрат ауылы №19 жалпы білім беретін орта мектебінің 11 «А» сынып оқушысы Махмудуллаева Гульмира Талғатқызынан ӨТІНІШ ХАТ Аса құрметті министр мырза! Қазіргі кезеңде мен Сіздің қызметіңізде асқан жауапкершілік пен уақыт тапшылығын түсінемін. Дегенмен, менің жан айқайыма, ішкі тебіреніс толғанысыма бір сәттік мейіріммен, оң түсінікпен, адами көзқараспен қарауыңызды сұраймын. Жоғарыда аталған ауылда бірінші сыныптан бері үздік оқыдым. Мектеп қабырғасында барлық аймақтық, облыстық, республикалық олимпиадалар және білім сайыстарына, ғылыми конференцияларға қатысып бас жүлде және жүлделі орындарды иелендім. «Білімдінің күні жарық» демекші жарқын болашаққа зор үмітпен қарап, өз мектебімнің атынан «Алтын белгі» иегеріне үміткер ретінде тіркеліп, 4 маусымда ҰБТ-ға қатыстым. Жалпы жинаған ұпайым – 107. Айтпағым, үміткерлікті дәлелдеуге 2 ұпай жетпей қалды. Ол таңдау пәнім географиядан еді. Сол күні менде үлкен тебіреніс пен қобалжу да болды. Қайта қарау (апелляция) комиссиясынан рұқсат алып өз жұмысымды тексеру кезінде жіберілген қателігімді жауап парағын әкелместен еш нұсқаусыз өзім таптым. Тіпті мен үшін сол абайсызда жіберілген қате өте қарапайым саналатын еді. Менің бар уақытым күрделілеу сұрақтарды тексерумен өтті. Қолдан келер еш қайран жоқ па деп ойланамын да, 11 жылда алған білімімді «Алтын белгі» алу арқылы дәлелдеймін деген бала арманымнан бас тартпақ емеспін. Үмітсіз дүние болмайды ғой, бар үмітім сізде. Қасиетті рамазан айында сізден қолұшын сұрап хат жазуды жөн көрдім. Өтініш иесі: Махмудуллаева Гульмира ТалғатқызыПриложения:Хат.docx