• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Аким Алматинской области ответ от (28.03.2016) на обращение от (15.02.2016) № 87457
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Аким Алматинской области ответ от (28.03.2016) на обращение от (15.02.2016) № 87457

Вопрос
Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовқа, зейнеткер ұстаз Байділдаева Анар Сұлтанбекқызынан, «Жастар шағын ауданы» 20 үй 87 пәтер Өтініш. Амандық Ғаббасұлы , сізге почта арқылы да өтініш жазып, хат жолдаған едім. Оған жауап келген жоқ.Өтініште барлығы толық айтылған. Мен қазір зейнеткерлік жастамын, 2015-тің қыркүйек айында шықтым, пенсия жасында басыңда үйің жоқ, бөтен үйдің есігінде жүрген өте қиын- ақ... Бұл жағдайды басында баспанасы жоқ адамдар ғана жақсы түсінеді. Үйге кезекке 2006 жылы тұрдым, міне содан бері 11 жыл өтті. Кезекте тұрған саным 204. Қалада үйлер салынып та , беріліп те жатыр,мен әлі ала алмай жүрмін. Зейнеткер жасында алмасам , енді қай кезде алмақпын. Амандық Ғаббасұлы ,мен осы баспана жағдайымен , облыстық маслихатқа, облыстық профсоюзға, ЖКХ-ға, қала әкіміне, Алпысов отырған кезден бастап өтінішімді жазып, қабылдауларында болып ,қол ұшын созып, көмек берулерін сұрадым . Жаңа әкім Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаевтің қабылдауында да 2 рет болдым .Бәрінің айтары бір-ақ сөз, кезегің келгенде аласың деп шығарып салады. Әркімнен бір көмек сұрап әбден шаршадым, мені арендада тұрған да , қажытып бітті, арендада тұрғаныма 14 жыл болды, айына 30 мың төлеймін.Бір жағыма шығып көмек берер ұлымда жұмыссыз .ЖГУ-дың қаржы –экономика факультетін бітірген,жастар практикасынан облыстық көсіпкерлер басқармасынан өтті 6ай мерзімде,бірақ ваканция жоқ деп жұмысқа алмады. Амандық Ғаббасұлы, өзіңізден жалғызбасты ана ретінде, зейнеткер ұстаз ретінде өтініп сұраймын, кезекте тұрған үйден баспана алуыма көмектесіңізші. Жақсылығыңыз бір Алладан қайтсын. Өтініш жазып көмек сұраушы зейнеткер, ардагер ұстаз Байділдаева Анар Сұлтанбекқызы. 15.02.2016