• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство внутренних дел Республики Казахстан ответ от (13.06.2013) на обращение от (25.05.2013) № 106792
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство внутренних дел Республики Казахстан ответ от (13.06.2013) на обращение от (25.05.2013) № 106792

Вопрос
1024x768Normal 0 false false falseҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрі       Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы мырзаға,Қызылорда  облысы,  Арал  қаласы,Байғанин көшесі №16 үйдің  тұрғыны ,күдікті ретінде қамауда отырғанҚалабаев Ерланның анасы Қалабаева Несіп Жуасбайқызынан Арыз                Аса құрметті Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы мырза, сізден осы арызым бойынша сұраймын.          Менің балам Қалабаев Ерлан жазықсыз қамауда отыр. 27.02.2013 күні сағат 02:00-05:00 тің аралығында Арал қаласында май құю бекетін белгісіз біреулер суық қарумен май құю бекетіндегі қызметкерді қорқытып, ақшасын тонап кетеді.  Қазақстан Қ.К-нің 179 бабының 2 бөлімінің а,б тармағы бойынша 04.03.2013ж. бастап 2 ай уақытша қамау изаляторына санция берілді. Балам Ерланға Арал каласының Ішкі істер бөлімі жазықсыз күдік тудырып, өз құқықтарын асыра пайдаланып, еш дәлелсіз. Бұл күні менің балам Ерланды келіншегі Айдана және кішкентай баласын қолдарына беріп тұрмыстағы қызым Қожахметова Мамықтың үйіне мен жібергенмін. Қызым Мамықтың 1997жылы туған Жұлдызай атты қызы туғаннан мүгедек болатын. Немерем Жұлдызайды емдетуге Қызылордаға алып кеткен болатын. Күйеу балам Қожахметов Қараман ауысыммен жұмыс істейтін. Үйіндегі қалған бала-шағасына қарау үшін 10 күн сол үйде боласын деп жібергенмін, күйеу балам жұмысқа ерте кететін болғасын.          Ерлан үйден 26.02.2013ж таңғы сағат 7:00 де шығып кетті. Келіншегі Қалиқызы Айдана 5 айлық баласымен сағат 11:00 де үйден шығып кетті. Сол күннен бастап бұлар сол үйде болды  27.02.2013ж. Оқиға болған уақытта 27.02.2013 жылы сағат 02:00-05:00 аралығында таңға дейін Ерлан үйде болды. Ерланның үйде болғанын күйеу балам Қожахметов Қараман, қызы Таңшолпан  (1995жылы туған), келіншегі Қалиқызы Айдана дәлелдейді. Ұлым Ерлан қыдырса келіншегі Айданамен қыдырады. Бейсәуей жүріп көрген емес. 28.02.2013 ж. күні сәбиінің керек заттарын алып кетуге келе жатып есік алдынан машиналарымен тұрған бір топ ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін көріп, өзі туғаннан қорқақ үрейшең болатын, үйге жолай алмай тұрғанда дәл сол уақытта сол күні таңғы сағат 9:00 де үйге баса-көктеп кіріп, әй-шәйға қарамай, қалай, неге келіп тұрғандарын түсіндірместен, үйді тінтуге рұқсат құжаттарын берместен үйдің ішін астаң-кестеңін шығарып тінтіп жатқанда, келгенін айтып: «Ерлан сені мелициялар іздеп, үйді тінтіп жатыр, қылмыс жасады дейді сені,  бұ несі? Сен үйде болдың ғой»-деп  Айдана Ерланға ұялы телефонымен хабарлайды. Қоңырау шалып жатқанда келінім Айдана қорыққаннан сасқалақтап жылап жібереді, өйткені милициялардың ойларына келгенін айтып үйдің астаң-кестеңін шығарып жатқанда. Істің мән-жайына түсінбей Ерлан алды-артына қарамай қаша жөнеледі. 28.02.2013 жылы таңғы сағат 9:00 ден бастап іздестіріледі. Келінім Айдананы ІІБ–не  шақырып ауздарына келгенін айтып балағаттады. 10 шақты ІІБ қызметкерлері келініме балаңды балалар үйіне беремін, өзіңді және байың екеуіңді қамаймын деп қорқытты, іштен шығып келе жатырып зал қабырғасында ілініп тұрған «Сыпайы сөйлеңіз!!!» деген жазуды оқып қасымдағы әлгі милиция қызметкеріне «қара»- деп айтып едім олар миығына күліп шығарды сыртқа. Келінімді 2-3 сағатқа дейін ұстап қорқытып, айқайлап сұрақтың астына алды. Не дерімді білмей сасып қалдым деді. Ал өзімді екі сағат бойы ұстап сұрақтың астына алды, балағаттап дөрекі сойлеумен. Шүкіров Ақболат есімді тергеу бөлімі басшысы келіп маған «балаңды тығып қойдың деді, балаңды таппасаң 2-3 қылмысты мойнына іліп соттатып жіберемін деді. «Мен баланың анасы ішімнен шыққан баланы қандай екенін мен білем, бұндай іске ол бармақ түгілі ойына да алмайды, кішкентайынан үрейшең еді, оқыс хабар естігеннен қорқып қалған. Балам Ерлан күнәсіз, мені жіберіңіздер, өзім іздеп тауып алып алдыңа әкелемін дедім» әке-шешемнің зиаратының атынан ант етейн дедім, олар маған балаңды тауып әкелмесең үкіметке 2-3 милион теңге төлейсіңдер деді. Үй-іші мазасыз күйге еніп, өздері де Ерланнан бейхабар болатын. Қорқыныш басылғаннан кейін үйге келіп менің ешқандай бұл оқиғаға қатысым жоқ. Менің күнәсіз екенімді дәлелдеп шығуым үшін қорғаушы адвокад керек деді. Содан баламның күнәсіз екенін дәлелдеу үшін адвокад Нағашыбаев Ерленмен баламды ертіп ішкі істер бөліміне келдік. Оқиғаға қатысы жоқ екенін айту үшін баламды өз қолыммен апарып бердім. 04.03.2013ж. күні Ерланнан жауап алып, бірден үйге қайтарды. Содан түскі сағат 3 – тер шамасында еріксіз қамауға алып кетті. 05.03.2013ж. күні сағат 14:30 да куәгер Қосмамбетов Жарас үйге қоңырау шалып «Ерланның ешқандай күнәсіз екенін дәлелдеп беремін, маған мал қора жаққа адвокадпен келіңіздер?» - дейді. 05.03.2013ж. сағат 17:30 да куәгер Қосмамбетов Жарас пен адвокад Нағашыбаев Ерлен және қызым Мамық кездесуге барды. Қосмамбетов Жарас адвокад Нағашыбаев Ерленнің сұрақ-жауаптарын қызым Мамық өзінің ұялы телефонының диктофонына жазып алды. Оған келтірер дәлелдерімді тындап көрсеңіз болады. Куәлерім, күйеу балам, қызы Таншолпан және әйелі. Сонан соң екінші дәлел-айғағым Қосмамбетов Жарас өз еркімен бізге айтқан хабары ұялы телефонымызда диктофон жазылымы бар. Жарас екі рет бізге тергеудің дурыс болмағанын, Ерланның жоқ екенін айтып берген болатын, сол туралы жазылғаны бар. Осы нақ-дәлелімізді тексеріп, баламның жазықсыз екеніне көмек беруіңізді сұраймын.                 Осы оқиғаны тексеру барысына тергеу бөлімінің басшысы болған Шүкіров Ақболат бұл істің бағытын дұрыс тергемегендігіне және балама өз қызметін асыра пайдаланып жала жауып отырғандығына қайта сот залында тексерілуін сұраймын. Менің балам осы уақытқа дейін мұндай келеңсіз жағдайды жасаған емес. Сол түні болған оқиғаға менің ұлымның еш қатысы жоқ екеніне кәміл сенемін, бұрын ешқандай ұрлық, адам тонау, қару ұстап көрмеген балама жалған айып тағып отыр.  Сот төреағасы - әділдігін қарап, балама араша болса екен.          Ұлым Ерлан бұл қылмыстық іске қатыспағанын анық әрі айқын растады, ешқандай дәлелді болатын қылмысқа қатысты айғақ зат таппады. Тек жәбірленуші мен куәгердің жалған ақпарат, түсініктеме, жалған куәгерлік етіп отырғанын білеміз. Ұлымның сол күні үйде болғанына әйелі, қарындасы, жездесі күәлік етіп растады. Тергеу барысында жазықсыз ұлымның жазықсыз екенін айтқаныма ІІБ-нің қызметкерлері Беркінбаев Даулет, Серікбол Маханбетов түк сөзіме құлақ аспады. Өз қызмет баптарын асыра пайдаланып отыр. Ұлым бұрын соңды күдік тудыратын лас әрекеттерге барған емес          Ішкі істер бөліміне келгенде Қосмамбетов Жарас өзінің адвокадқа берген жауабын жоққа шығарды. Қосмамбетов Жарастың үйі милиция қызметкерлерінің бақылауында. Қосмамбетов Жарасты милиция қызметкерлері қорқытып отыр деген ойым бар. Өйткені оның бетін жауып күдікті ұсталғандардың қасына әкеліп бірінші тұрған адамды көрсет деп бетін ашты. Сол кезде менің Ерланым бірінші болып тұрған. Сонымен менің балам жазықсыз қылмыскер бола ма? Менің күнәсіз баламның обал-сауабын кім көтереді? Қосмамбетов Жарастың заң алдында жалған жауабы, жалған күнә қаралмай ма? Жазықсыз жанның құқығын кім қорғайды?          Адамзат анадан туады. Мен жазықсыз баламның сотты болғанын қаламаймын. «Ана» - деген ардақтыны құрметтейтін болса, Әділ заңға жүгінген хақ төрелікті таңдаған болса, Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабының 1-ші тармағында көрсетілген «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.» Осы Ата заңымыздағы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары неге қаралмайды? Неге менің бейкүнә баламды жаламен еріксіз күштеп әкетіп қамауда ұстайды? Неге менің баламды ІІБ қызметкерлері қинайды, ұрып-соғып, қамаудауда ұстап ойына келгендерін жасайды деп күдіктенем, қамауда баламды қинайды деп күдіктенем «мойныңа ал» - деп, қылмыс жасамаған бұл оқиғаға еш қатысы жоқ балама қалай еріксіз күнә тағады?          Еріксіз күнә таққаны үшін Арал ауданы ІІБ –нің бөлім бастығы Беркінбаев Даулетке, криминалист Серікбол Маханбетовке, тергеу бөлімі басшысы болған Ақболат есімді кісінің, және балам Ерланға және әйеліне, үй ішімізге өз заңды қызметтерін асыра пайдаланған  ІІБ-нің  заңсыз әрекеттері үшін шағымданамын.         Құрметті Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы мырза, баламның күнәсіз болып жалған ақпарат үшін қамауға жатқанына қиналамын, жазықсыздан жазықсыз баламның  еш қатысы болмаса да қылмыс жасады деп жала жауып бас бостандығынан айырылып кетеме деп қауіптенемін.         Себебі, өз баламды өз қолыммен ІІБ-не апарып бердім.        Себебі, анасы маған және бұл оқиғаға қатысы жоқ екендігі жөніндегі бірнеше нақ-дәлелдерімізге  қарамай, Арал қаласының Ішкі істер бөлімінің басшысы Беркінбаев Даулет, Серікбол Маханбетов және тергеу бөлімі басшысы болған Шүкіров Ақболаттың өз құқық-қызметтерін асыра пайдаланғандығы.        Себебі, ақ-қараны шешіп, қылмысқа еш қатысы жоқ күнасіз баламды босатып,  әділ жолмен жалған ақпарат берушілерге, өз құқық-қызметтерін асыра пайдаланушыларға, шара қолдануыңызды сұраймын. Сізге арнайы өтіне арыз жолдағанАрыз иесі: Қалабаева Н.Ж.              25.05.2013 жыл