Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (30.05.2013) на обращение от (23.05.2013) № 11558
Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONEҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мырзағаҰстаздар қауымы бір жылдан астам уақыттан бері білім саласын қамтитын «КлассTIME» газетін үзбей оқып, елдегі білім мен ғылым саласының жаңалықтарына қанық болып келеді. Сол газеттеі алғашқы шыққан күнінен бері үзбей оқып келемін. Өйткені мектебімізде ұстаздар қауымы түгелдей жазылған едік. Күнделікті тұрмыста болып жатқан жаңалықтарды, білім-ғылымға қатысты өзгерістер мен жетістіктерді жарияланады. Әсіресе біздерге, яғни ұстаздар қауымына қажетті материалдармен, Білім және ғылым министрлігінің, министрдің жасап жатқан озық үлгідегі жұмыстарын да осы газеттен оқып, танысып отырамыз. Балабақша, мектеп, жоғары оқу орнына байланысты ақпараттарға да кеңінен орын берілген. Сондай-ақ қоғамдағы барлық сала бойынша да кейбір газеттердегідей сірескен емес, еркін тақырыпта қалам тербеуі бізге өте ұнайды. Жастар да өз ойларымен бөлісіп, өз ортасындағы өзекті мәселелерін сіздер арқылы ортаға салып отырады. Бұл — болашақ ұрпақтың қоғамға бейжай қарамай, ізгілікке қадам басуының кепілі. Өнер, ілім-білім, тәрбие, туризм, саясат, тарих қойнауы, шешімін күткен проблема, салауатты өмір, ас мәзірі, веб-портал, тізе берсеңіз, толып жатқан әртүрлі тақырыптағы материалдардың қамтылуы өте жақсы. Газетте оқылмайтын мақала жоқ, үтір-нүктесіне дейін оқимыз және өте жеңіл оқылады. Қазақстанның барлық өңірінен оқырмандардың, әсіресе ұстаздар мен оқушылардың атсалысып жатуы «КлассТАЙМ» газетінің беделі жоғары екенін және дер кезінде дүниеге келген басылым екенін дәлелдейді. Жылдан-жылға таралымы да көбейе беретіні сөзсіз. Қызыға оқитын дүниелерімізді кеңірек беру үшін осы газет сияқты министрлік тарапынан қосымша журнал шығарылса деген ұсынысымыз бар. Менің өзімнің бірнеше мақалам шықты, шықпай кезек күтіп жатқаны қаншама. Жалғыз менің ғана емес, басқа оқырмандардың да жіберген материалдары кезек күтіп жатқан шығар. Соған қарағанда осы білім саласына қатысты тағы да басқа басылымдардың көбейгені дұрыс-ау деп ойлаймын. Жұмабике ҚОЙШЫҒҰЛОВА,Қостанай облысы Амангелді ауданы Жаңауыл орта мектебі