• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство труда и социальной защиты населения РК ответ от (30.05.2013) на обращение от (21.05.2013) № 388689
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство труда и социальной защиты населения РК ответ от (30.05.2013) на обращение от (21.05.2013) № 388689

Вопрос
                                                                            Қ.Р Денсаулық сақтау                                                                                        Министрі Каирбекова С.З                                                                   Муканова Орынгуль                                                                                                   Жоламановнадан                                                                      Маңғыстау ауданы,Шетпе                                                                                    селосы тұрғыны                                                                   Телефон: 87293121602                                                                   Ұялы телефон:87754889000                                             А Р Ы З.           Құрметті министр Каирбекова С.З мен , Мұқанова Орынгүл Жоламанқызы  Маңғыстау аудандық ауруханасында 2004 жылдан бері дәрігер терапевт қызметіндемін. Жолдасымнан 3 жасар ұлым бар. Қазіргі таңда 8 айлық жүктілік мерзімінде демалысқа шықтым. Сізге , өркениетті қоғамдағы көкірегі ояу, көзі ашық аналардың бірі ретінде, қолыма шарасыздықтан қалам алып, сізге жүгінуімдегі басты себебім жолдасым Аманиязов Болат Шетпе кентінде 29.04.2013 жылы күні кешкі 22-30 шамасында адам қолынан қаза болып , соның өліміне байланысты болып отыр.                                     «Саламатты Қазақстанға» қадам басамыз дейміз, өзіміздің дәрігерлер адами қасиеттерін жоғалтып, алдына келген өлі адам түгілі тірі адамды  дұрыс қарамай  отырғанда ма?                                           29.04.2013 жылы күні кешкі сағат 22-30 дар шамасында жолдасым Аманиязов Болатты ауыл азаматтары , ауруханаға жеткізеді. Сол  күнгі  кезекші дәрігер Жиынбаева Зинагүл жолдасым ауруханаға келгенде өлік күйінде келген дейді, оның басындағы жарақатын қарамаған, хирург Қосым Бекзатта ешқандай денесінде жарақат белгілері жоқ деген және аурухананың «Жарақатты тіркеу журналында»  ешқандай  номерсіз қыстырып «Доставлен труп» деп жазған.Өйткені жолдасым бір топ адамның ұрып – соғып денесіне ауыр жарақат салуы салдарынан қаза болып отыр. Мейлі тірі не өлі болсын неге жарақатын қарамайды? Сонда қарақұс тұсынан ұрған жарақатты көрмейтін Жиынбаева З және Б.Қосым қандай дәрежелі дәрігер? 7 жыл медицина саласында қандай білім алды?                                                                                         Енді мені күмәндандыратын  жағдай, сол дене жарақатын тіркеу журналында №60 санды болып менің жолдасымды ұрып-соғып өлтіргендердің бірі Н.Ержанов 30.04.2013 жылы күнімен «Денесінде жарақат белгілері анықталған жоқ»  деп хирург Ғ.Бораштың  қолымен тіркеледі,одан кейін менің жолдасым А.Болат 29.04.2013 жылы күнімен номерсіз тіркеледі.  Және «мастық белгілерді анықтау» журналында дәрігер З.Жиынбаеваның қарауымен 29.04.2013 жылы күні  №120 болып жолдасымды   өлтірген Н.Ержановқа «В позе Ромберга устойчив.факт употребления алкоголя отрицает. АД 130/80 мм.рт.ст. Клинический заключение: Трезвый. Телесных повреждений нет.» - деген профессорский қорытынды беріледі. Арнайы министрліктің шығарған бұйрықтары мен заңдылықтары бар емес па? Тек қана сол мәліметтерге сүйене отырып мынадай қорытындыны фельдшерлерде бермейтін болар.  Арты айқайға айналған соң Жиынбаева З басын алып қашып әйел босанып жатыр мен Н.Ержановты қайтадан қарамаймын деген. Егер кезекші дәрігер мастық белгілерді анықтауды қиынсынса қосымша қанын , дәретін алып не болмаса  алкогольді анықтайтын тест, алкометр неге қолданбайды ? Демек кезекші Жиынбаева З ол азаматтың қылмысқа қатысты тексеріліп жатқанын біле отырып, өз қызметіне салғырт қараған. Не болмаса Н.Ержановтың тумаластары мастық белгілерін жазбауды өтінген шығар,  өйткені әйелі ауруханада мейірбике :Әлия Ізғалиева, балдыздары прокуратурада қызмет жасайды.Тағы бір күмән жағдай 2 дәрігер , яғни Жиынбаева З көптеген жылдар еңбек стажы бар ,Ғ.Бораш 2 жылдық стажы бар,  қылмыскер  Н.Ержановты қарап «Дене жарақаты анықталған жоқ» деп анықтама береді. Бұл 30.04.2013  ауруханада берілген.                       Енді Н.Ержановты 30.04.2013 жылы кешкі 22-34 сағатта Аудандық Ішкі Істер бөлімінің уақытша қамау абақтысында жатқан Н.Ержановты дәрігер хирург М.Құрамшин сол күнгі кезекші полиция қызметкері , сонымен қатар қылмыскердің  тумаласы болып табылатын А.Нұғмановтың  қайта-қайта жеке шақыртуымен ешқандай қатынас хатсыз үйінен келіп ,  абақтыдан  тағы қарайды да «Кожные ссадины ср/3 левого плеча и ср/3 правого плеча задняя поверхность»  деп дене жарақат журналына тіркейді.Қылмыстық кодекстің 6 бөлігі, 27 бөлімінде 226 статьяның 2 тармағында қалай освидетельствование жүргізу керектігі жазылған. Сондағы дәрігердің берген диагнозы бойынша менің 29.04.2013 жылы күні өліп қалған жолдасымның  үстінен қылмыстық іс қозғайды.  Менің айтқым келетіні : М.Құрамшин тәуелсіз эксперт дәрігер ма ? әлде орган қызметкерлерінің ығымен жүретін , соларға ант берген дәрігер ма? 2 дәрігердің үстінен қарап анықтама беретін ол кім, профессор ма ? М.Құрамшин бірге қызметтес болып жасайтын дәрігер болған соң, неге олай еткенін сұрағанымда ол сотқа берсең бере бер деп ұялы телефон арқылы айқайлаған болатын.    Осы жоғарыдағы айтылған жағдайлардың кесірі жолдасымның өліміне қатысты қылмыстық істің дұрыс тексерілуіне кедергі келтіргенін айтамын.    Мұндай жағдайлар тоқтамаса,оған шара алынбаса  осындай дәрігерлер кесірінен талай адам жапа шегетіні анық, сізден өтінерім осы дәрігерлер тарапынан кеткен заңсыздықтарды тексеріп,шарасын алуыңызды және алдағы уақытта осындай қателіктерге,  дәрігерлердің бой алдырмауын қадағалауыңызды өтінемін.                                                                                    Арыз иесі    :              Муканова О.Ж                                                                                                 21.05.2013 ж