• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау іс-шараларының 2021 жылға арналған жоспарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау іс-шараларының 2021 жылға арналған жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 302-Ө бұйрығы

Редакция 30.06.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығымен бекітілген жауапты хатшы өкілеттігінің 1-тармағының 26) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 42-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының 2021 жылға арналған жоспары бекітілсін.
2. Цифрландыру, ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Цифрландыру, ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді бақылау департаментінің директоры Қ.О. Шалабаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Жауапты хатшының м.а. М. Хайруллин
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Жауапты хатшының м.а.
2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 302-Ө
бұйрығымен бекітілген
  • 1
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының 2021 жылға арналған жоспары
Жоспар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 30.06.2021 жылғы № 223-ө Бұйрығы​на сәйкес (03.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1. Бақылау іс-шаралары барысында қаралатын мәселелердің тізбесі:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімдерін бұзу фактілері;
3) бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңга тәуелді нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құжаттардың толық пакеті болмаган кезде мемлекеттік қызмет көрсету фактілері;
4) бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңга тәуелді  нормативтік құқықтық актілерінде көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері;
5) ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап ету фактілері;
6) мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері;
7) мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңга тәуелді нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жұмыс кестесінің сақталмауы;
9) тегін берілуі Қазақстан Республикасының заңдарымен кепілдік берілген мемлекеттік қызметті ақылы негізде ұсыну;
10) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу фактілері, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін  айқындайтын заңга тәуелді  нормативтік құқықтық актінің сәйкестігі (мемлекеттік қызметті толык алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі, қызмет көрсету уақыты, жасырын қызметтердің, кезеңдердің не процесті нормативтік реттеудің «олқылықтардың» болуы/болмауы).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын ішкі бақылауды Цифрландыру, ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді бақылау департаменті бақылау іс-шарасы нысанында жүзеге асырады.
2. Бақылауға жататын объектілердің тізбесі, өткізу мерзімдері және жауапты орындаушылар:
  
  
  
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЦАМҚБД - Цифрландыру, ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді бақылау департаменті; 
РММ - Республикалық мемлекеттік мекемесі.