Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 543-Ө бұйрығы
Редакция 10.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
1) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының міндетін атқарушының 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 5-Ө бұйрығының;
2) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының міндетін атқарушының 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 5-Ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 қазандағы № 447-п бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2022 жылғы 20 шiлдедегi № 543-Ө
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ереже
1. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегіндегі ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің құқықтық актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы және өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
14. Мақсаты - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындау.
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
16. Комитеттің міндеттері:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпарат беруге қатысу;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға тиісті ақпарат беруге қатысу;
5) мемлекеттік қызмет алушылардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
7) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитетке жүктелген функцияларды уақтылы және сапалы орындау.
17. Комитеттің функциялары:
1) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында, сондай-ақ балық шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында, сондай-ақ балық шаруашылығын дамыту саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген құзыретіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
5) құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күшін қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
6) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды, сондай-ақ бақылау үшін аулауды ұйымдастырады және (немесе) жүзеге асырады;
7) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуге рұқсаттар береді;
8) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
9) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
10) балықтардың болмай қоймайтын қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілеріне немесе олардың бөліктеріне ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу арқылы мұндай қатерді жою мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
11) су тарту және ағызу құрылыстарын балық қорғау құрылғыларының бар-жоғына және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарап-тексеруді жүзеге асырады;
12) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуына мемлекеттік қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады;
13) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
14) балық ресурстарының және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
15) балық шаруашылығын жүргізу қағидаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
16) балық аулау қағидаларының сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
17) балық ресурстарының және басқа да су жануарларын қорғау және қадағалау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердің сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
18) балық ресурстарының және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
19) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
20) құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
21) биологиялық негіздеме негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынындағы және (немесе) учаскесіндегі балық шаруашылығы мелиорациясын, жануарлар дүниесін пайдаланушылар арнайы пайдалану кезінде жүргізетін балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді келіседі;
22) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер әзірлейтін техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы келіседі;
23) екі және одан да көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;
24) балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесінің өсімін молайту мен мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
25) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруін келіседі;
26) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланудың және (немесе) пайдалануға тыйым салудың белгіленген мерзімдерін ауыстыру туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
27) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат ұсынады;
28) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру жөнінде конкурс өткізеді;
29) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
30) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
31) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
32) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) бередi;
33) балық шаруашылығын жүргізуге шарттар жасайды;
34) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беруді жүзеге асырады;
35) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ балық шаруашылығы саласындағы нормалар мен нормативтердi әзiрлейдi және бекітеді;
36) балықтарды қорғау құрылғыларына су тарту және ағызу құрылыстарын орнатуды келіседі;
37) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұнайдың төгілуіне сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуге, айқындауға және келісуге қатысады;
38) балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін олардың берген өтініштері негізінде аккредиттеуді жүргізеді;
39) Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі қорық аймағында балық аулауды және оны тасуды, навигациялық жағдай құралдарын қоюды, ауыстыруды, алуды және тексеруді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын кемелердің қатынасына жол беруге келіседі;
40) ішкі нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен саудалауға таңба беруді жүзеге асырады;
41) жетекшілік ететін қызмет саласын Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес іс-шараларды орындауға тікелей дайындауды ұйымдастырады және соғыс уақытында орнықты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
41-1) арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларды талдау мен анықтауды жүзеге асырады;
42) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
18. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Комитет төрағасы жүзеге асырады.
19. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
2) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министріне Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді;
3) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Министрліктің келісімі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) Министрлікке аумақтық бөлімшелердің басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
7) аумақтық бөлімшелердің басшы орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
8) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының және олардың орынбасарларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
9) Комитетте, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады және іс-шараларды ұйымдастырады;
10) аумақтық бөлімшелердің басшыларын іссапарға жіберу (шетелге іссапарға жіберуді қоспағанда), материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау) және біліктілігін арттыру, үстемеақылар төлеу және көтермелеу мәселелерін шешеді;
11) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін, аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау) және біліктілігін арттыру, үстемеақы төлеу және көтермелеу, тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
12) Комитеттің аумақтық бөлімшесі басшысының міндеттерін ол болмаған уақытта, оны іссапарға жіберуді қоспағанда, Комитеттің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасарына немесе басқа қызметкеріне жүктеу бойынша ұсыныстар енгізеді;
13) Комитеттің аумақтық бөлімшесі басшысының міндеттерін ол іссапарға жіберілген уақытта Комитеттің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасарына немесе басқа қызметкеріне жүктейді;
14) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін және өз құзыреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылтай құжаттарын, сондай-ақ Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің ережелерін бекітеді;
15) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымы мен штат кестелерін келіседі;
16) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
17) аумақтық бөлімшелердің Комитетпен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін айқындайды;
18) аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар актілерінің қолданылуын жояды не толық немесе ішінара тоқтатады;
19) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Комитеттің атынан өкілдік етеді;
20) Комитетте қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік сатып алуды өткізуге жалпы басшылықты жүзеге асырады;
21) Қазақстан Республикасы заңнамаларына және Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің атынан мемлекеттік органдарына, Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдарына, мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы берілген ұйымына, Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, жеке және заңды тұлғаларға жіберілетін құжаттарға Комитет төрағасы және өз құзыреттілігі шегінде оның орынбасарлары, ал олар болмаған жағдайда оларды алмастыратын адам қол қояды.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
24. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
27. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық бөлімшелерінің тізбесі:
1. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
5. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі:
1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Петропавл балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Комитетке мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы берілген ұйымдарының тізбесі:
1. «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігінің Балық
шаруашылығы комитеті туралы
ережеге 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігінің Балық
шаруашылығы комитеті туралы
ережеге 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігінің Балық
шаруашылығы комитеті туралы
ережеге 3-қосымша