Карагусов Ф.С. – заң ғылымдарының докторы, профессор
Отправить по почте
Амангельды А.А.
Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқығы
СЫЗБА ТҮРІНДЕ
Оқу құралы
Алматы, 2021
15 қыркүйек 2020 жылы
Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының
Ғылыми Кеңесімен ұсынылды
Сын пікір берушілер
Карагусов Ф.С. – заң ғылымдарының докторы, профессор
Слесарев В.Л. – заң ғылымдарының докторы, О.Е. Кутафин атындағы Москва мемлекеттік заң университетінің (ММЗА) азаматтық құқық кафедрасының профессоры
Автор туралы мәлімет
Амангелді Айжан Амангелдіқызы - заң ғылымдарының докторы, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының профессоры. Д.А. Қонаев. 2015 жылдың қараша айында Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (Мәскеу қ.) 12.00.03 – азаматтық құқық, кәсіпкерлік құқық, отбасы құқығы, халықаралық жеке құқық мамандығы бойынша «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқығы» тақырыбында заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында «Зияткерлік меншік құқығы» арнайы курсы бойынша дәріс оқиды. Ғылыми-педагогикалық және тәжірибелік қызметті бірге ұштастыруда. Азаматтық құқық және зияткерлік меншік құқығы мәселелері бойынша бірқатар жарияланымдардың авторы.
Амангельды А. Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқығы. Сызба түрінде. Оқу құралы. Алматы. 2021. – 78 б.
Бұл жұмыс зияткерлік меншік құқығын, оның құқық жүйесіндегі орнын зерделеуге арналған, оның негізгі институттары қарастырылады, оның қазақстандық құқық жүйесі шегінде институтқа айналуына негізделген.
Заң жоғары оқу орындары мен факультеттерінің студенттеріне, докторанттарына, магистранттары мен оқытушыларына, тәжірибедегі заңгерлерге, сондай-ақ зияткерлік меншік құқығына қызығушылық танытатын барлығына тұлғаларға арналған.
Аударган зан гылымдарынын кандидаты, доцент Байсалов А.Д
© Амангельды А.А.
Мазмұны
1-бөлім. Зияткерлік меншік құқығының жалпы ережелері....................... |
4-5 |
|
|
2-бөлім. Авторлық құқық...................................................................... ........ |
6-13 |
|
|
3- бөлім . Сабақтас құқықтар...................................................................... .... |
14-22 |
|
|
4-бөлім. Патенттік құқық..................................................................... ......... |
23-32 |
|
|
5-бөлім. Азаматтық айналымға, тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге қатысушыларды дараландыру құралдары........................... |
33-40 |
|
|
6-бөлім. Ашылмаған ақпарат (ноу-хау)...................................................... |
41 |
|
|
7- бөлім. Интегралдық мик ротәсімдер топологиясы.................................. |
42 |
|
|
8-бөлім. Селекциялық жетістіктер...................................................... ......... |
43-45 |
|
|
9-бөлім. Зияткерлік меншік құқығы саласындағы келісім-шарттар......... |
46-47 |
1-бөлімге сызба.
Зияткерлік меншік құқығының ұғымы және жүйесі
Зияткерлік меншік құқығы |
Объективтік мағынада |
Субъективтік мағынада |
зияткерлік меншік құқығының объектілерін жасау, пайдалану және қорғау бойынша қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтың кіші саласы |
құқық иеленушіге тиесілі мүліктік (айрықша) және жеке мүліктік емес құқықтардың жиынтығы |
Зияткерлік меншік құқығы ның жүйесі |
Автор лық құқық |
Сабақтас құқық |
Патент тік құқық |
Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары туралы заңнама |
Зияткерлік меншік құқығының әдеттен тыс объектілері туралы заңнама |
Зияткерлік меншік құқығының объектілері |
Зияткерлік шығармашылық қызметінің нәтижелері |
Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары |
- авторлық құқық объект ілері ; - сабақтас құқық объект ілері ; - патенттік құқық объектілері; - с елекциялық жетістіктер; - и нтегралды микротәсімдер топологиясына; - а шылмаған ақпаратты (ноу-хау) |
- фирм алық атау ; - тауарлық белгілер ; - қызмет көрсету белгілері ; - тауардың шығу орнының атауы |
З ияткерлік меншік құқығының объектілерін е құқықтардың пайда болу негіздері |
З ияткерлік меншік құқығының объектілерін жасау фактісі |
Мемлекет тарапынан тану және құқықтық қорғауды ұсыну |
Жасау немесе мемлекет тарапынан тану және құқықтық қорғауды ұсыну фактісі |
Зияткерлік меншік құқығының объектілеріне құпиялылық режимін беру |
- авторлық құқық объектілері; - сабақтас құқық объектілері |
- патенттік құқық объектілері; - селекциялық жетістіктер; - азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары |
- интегралды микротәсімдер топологиясына |
- ашылмаған ақпаратты (ноу-хау) |
2-бөлімге сызба.
Авторлық құқықтың ұғымы, пәні және дерек көздері
Авторлық құқық |
Объективтік мағынада |
Субъективтік мағынада |
авторлық құқық объектілерін жасау, пайдалану және қорғау бойынша қатынастарды реттейтін з ияткерлік меншік құқығының институт ы |
Авторларға және/немесе құқық иеленушілерге тиесілі мүліктік (айрықша) және жеке мүліктік емес құқықтардың жиынтығы |
Авторлық құқықтың пәні – бұл авторлық құқық объектілерін жасаумен, пайдаланумен және қорғаумен байланысты реттелетін мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастардың жиынтығы.
Авторлық құқықтың дерек көздері авторлық құқық объектілерін жасау, пайдалану және қорғау бойынша қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы |
|
Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық келісім-шарттар (конвенци ялар ), |
Өзгеде нормативтік құқықтық актілер |
- Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясы (Париж дік Акт, ДЗМҰ, 24 шілде 1971 жыл ); - Шығармалардың кейбiр түрлерiне жеке құқықтарды қорғауға қатысты авторлық құқықтар жөнiндегi ДИМҰ-ның шарты Дипломатиялық конференциямен қабылданды (Женева, 1996 ж. 20 желтоқсан); - Мемлекетаралық ақпарат алмасуды ұйымдастыру және авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың ұлттық дерекқорын қалыптастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім (Ялта қаласы , 20 қараша 2009 жыл )
|
- ҚР АК ; - « Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы » Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-I Заңы.; - « Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын бекiту туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1083 қаулысы; - « Туындыларды көпшілік алдында орындау, көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшін, туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын қолдану тәртiбi жөнiндегі нұсқаулықты бекiту туралы » Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 362 бұйрығы; - « Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 117 Бұйрығы; - « Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 115 Бұйрығы; - « Дыбыс-бейнежазу туындыларын немесе туындылардың дыбыстық жазбаларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 159 бұйрығы; - « Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларын және оған мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізуді растайтын куәліктің нысанын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1315 бұйрығы |
Авторлық құқықтың қолданысы
Ғылым, әдебиет және өнер туындыларына авторлық құқық олардың жасалу фактісіне байланысты туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеу, туындыны өзге де арнайы ресімдеу немесе қандай да бір формальдылықты сақтау талап етілмейді. |
Авторлық құқық келесідей туындыларға қолданылады: 1) Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бiрақ авторлардың немесе олардың құқықтық мұрагерлерiнiң азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қандай да болсын объективтi нысанда болатын туындыларға қолданылады; 2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және Қазақстан Республикасының азаматтары - авторлары және олардың құқықтық мұрагерлерi деп танылады; 3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және авторлардың (олардың құқықтық мұрагерлерiнiң) - шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп танылады. |
Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор және (немесе) құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады: 1) қоршауға алынған латынша «С» әрпi; 2) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы); 3) туындының алғаш жарияланған жылы. |
Өзге де дәлелдеме болмаған кезде туындының түпнұсқасында немесе данасында автор ретiнде көрсетiлген адам туындының авторы деп есептеледі. Туынды жасырын немесе бүркеншiк атпен жарияланған жағдайда (автордың бүркеншiк аты оның өзi екенiне күмән туғызбайтын жағдайды қоспағанда), туындыда есiмi немесе атауы көрсетiлген баспагер өзге дәлелдер болмаған кезде «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға сәйкес автордың өкiлi болып табылады және оның өкiл ретiнде автордың құқығын қорғауға, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге құқығы бар. Бұл ереже сондай туындының авторы өзiнiң кiм екенiн ашқанша және өзiнiң авторлығын мәлiмдегенше қолданыла бередi. |
Авторлық құқықтың қолданылу мерзімі: - мүліктік (айрықша) құқықтардың: Авторлық құқық автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды. Жасырын немесе бүркеншiк атпен жарияланған туындыға авторлық құқы ол туынды заңды түрде жарияланған күннен кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды. Тең авторлар жасаған туындыға авторлық құқық өмiр бойы және басқа тең авторлардан ұзақ өмiр сүрген ең соңғы автор қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды. Автор қайтыс болғаннан кейiн отыз жыл iшiнде бiрiншi рет жарыққа шығарылған туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды. Егер автор қуғын-сүргiнге ұшырап, қайтыс болғаннан кейiн ақталса, онда құқық қорғаудың осы бапта көзделген мерзiмi ақталған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап күшiне енедi. Осы көзделген мерзiмдер сол мерзiмнiң басталуы үшiн негiз болып табылатын заңды факт болған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептеле бастайды. - жеке мүліктік емес құқықтары: мерзімсіз |
Авторлық құқық объектiлерiнің түрлері1
Жасау және пайдалану аясы бойынша : 1) әдеби туындылар; 2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар; 3) сценарий туындылары; 4) хореография және пантомима туындылары; 5) мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар; 6) дыбыс-бейнежазу туындылары; 7) кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары; 8) қолданбалы өнер туындылары; 9) сәулет, қала құрылысы, дизайн және бау-саябақ өнерi туындылары; 10) суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар; 11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар; 12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар . |
Нысаны бойынша : 1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты); 2) ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк алдында орындаушылық және сол сияқты); 3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты); 4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне - немесе фотокадрлар және сол сияқты); 5) көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және сол сияқты). |
Қолданылуы бойынша : 1) Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бiрақ авторлардың немесе олардың құқықтық мұрагерлерiнiң азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қандай да болсын объективтi нысанда болатын туындылар; 2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындылар және Қазақстан Республикасының азаматтары - авторлары және олардың құқықтық мұрагерлерi деп танылады; 3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындылар және авторлардың (олардың құқықтық мұрагерлерiнiң) - шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп танылады. |
Жасалу тәсілі бойынша : 1) туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер); 2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын басқа да құрама туындылар; 3) қызметтік шығармалар. |