ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 1251 Жарлығы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық:
2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының он сегізінші – отызыншы, отыз алтыншы – отыз сегізінші, қырық бесінші – елу бірінші, елу үшінші – елу бесінші, елу тоғызыншы – алпыс жетінші, жетпіс екінші – жетпіс бесінші абзацтарын, 2-тармағының елу үшінші – алпыс сегізінші абзацтарын;
2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының жетпіс сегізінші – сексен екінші абзацтарын, 2-тармағының отыз сегізінші, тоқсан төртінші, бір жүз бірінші – бір жүз үшінші, бір жүз он бесінші, бір жүз он алтыншы, бір жүз отыз төртінші – бір жүз отыз алтыншы, бір жүз қырық жетінші, бір жүз елуінші – бір жүз елу тоғызыншы, бір жүз сексен жетінші – екі жүз бірінші, екі жүз үшінші абзацтарын, 3-тармағын;
2026 жылғы 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының қырық бірінші – қырық төртінші абзацтарын;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының қырық алтыншы – елуінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, бір жүз он бірінші, бір жүз он екінші абзацтарын, 4-тармағының төртінші – алтыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 1251 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Ұлттық Банкінің толық атауы:
1) мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) орыс тілінде: Республиканское государственное учреждение «Национальный Банк Республики Казахстан»;
3) ағылшын тілінде: Republican state institution «National Bank of the Republic of Kazakhstan».»;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) цифрлық теңгенің жалғыз эмитенті болады;
3-2) Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) төлем жүйелерін реттеуді және оларды қадағалауды (оверсайт), төлем қызметтерінің нарығын реттеуді, оны бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын реттеуді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) шетел валютасындағы, бағалы металдардағы активтер мен цифрлық активтерді басқаруды қамтамасыз етеді;»;
32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«32) мыналарға:
өз қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған;
банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға – банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған;
қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүзеге асыру қызметінің айрықша түрі болатын қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларына цифрлық активтер нарығындағы дилерлік қызметке – қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау, сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларға арналған лицензияларды береді (беруден бас тартады), қайта ресімдейді, тоқтата тұрады, олардан айырады;»;
мынадай мазмұндағы 32-1), 32-2), 32-3), 32-4) және 32-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«32-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады;
32-2) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының, цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың қызметін мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
32-3) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының, цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың және «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
32-4) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алу, сату және (немесе) айырбастау бойынша операцияларды жүргізу тәртібін айқындайды;
32-5) цифрлық қаржы активтері платформасының операторларын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторларын, төлем ұйымдарын есептік тіркеуді жүзеге асырады;»;
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«35) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары – цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің, «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің, сондай-ақ цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режиміне қатысушылардың және төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды тоқтата тұру және оларды жүргізуден бас тарту, өз қызметі процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі бақылаудың ұйымдастырылуы мен іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;»;
63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«63) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) цифрлық қаржы активтері платформасының операторына, цифрлық активтердің сауда платформасының операторына, цифрлық қаржы активтерінің эмитентіне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану;
8-2) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қадағалап ден қою шараларын қолдану;»;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |