• Менің таңдаулыларым
Қазақстан Республикасының Конституциясы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 4777

Қазақстан Республикасының Конституциясы

ҚР Конституциясының конституциялық заңдарды және заңдарды қабылдау тәртібін, сондай-ақ Конституциялық Соттың қызметін айқындайтын ережелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
  • 4
Редакция 19.09.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды
  • 1
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз.
  • 1
I бөлім
  • 1
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  • 842
1-бап
  • 40
1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.
ҚР Конституциялық Кеңесінің  21.12.2001 жылғы № 18/2 қаулысымен, ҚР Конституциялық Кеңесінің 29.04. 2005 жылғы № 3 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз
  • 14
2. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
  • 1836
2-бап
  • 15
1. Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.
  • 2
2. Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi.
ҚР Конституциялық Кеңесінің  23.04.2003 жылғы № 4 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз
  • 3
3. Республиканың əкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мəртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады.
3-тармақ өзгертілді ҚР 21.05.2007 жылғы №254 Заңымен (07.10.1998 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.03.2019 жылғы № 238-VІ Заңына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.09.2022 жылғы № 142-VII Заңына сәйкес (08.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 5
3-1. Астана қаласының шегінде конституциялық заңға сәйкес қаржы саласында ерекше құқықтық режим белгіленуі мүмкін.
2-бап 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР 10.03.2017 жылғы № 51-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2017 жылы № 51 (28430) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-1-тармақ өзгертілді ҚР 23.03.2019 жылғы № 238-VІ Заңымен (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1-тармақ өзгертілді ҚР 17.09.2022 жылғы № 142-VII Заңымен (08.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының мәнi барабар.
  • 325
3-бап
  • 9
1. Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық. 2. Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi.
  • 7
3. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi иемденiп кетушiлiк заң бойынша қудаланады.
Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар. Республика Үкiметi мен өзге де мемлекеттiк органдар мемлекет атынан оларға берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ғана билiк жүргiзедi.
  • 15
4. Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады.
  • 766
4-бап
  • 27
1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Сотының және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады.
«Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шілдедегі № 1 Нормативтік Қаулысымен берілген түсініктемені, ҚР Конституциялық Кеңестің 1996 жылғы 28 қазандағы № 6/2  Қаулысын және ҚР Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3 Қаулысын  қараңыз
1-тармақ өзгертілді ҚР 08.06.2022 жылғы Заңымен (23.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз)
  • 24
2. Конституцияның ең жоғары заңды күшi бар және Республиканың бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 16.06.2016 жылғы № 09-2/1 Жолдауысымен берілген түсініктемені қараңыз
ҚР Конституциялық Кеңесінің 05.11.2005 жылғы № 6 Нормативтік қаулысын, ҚР Конституциялық Кеңесінің 18.05.2006 жылғы № 2 Қаулысын, ҚР Конституциялық кеңесінің 11.10.2000 жылғы № 18/2 Қаулысын қараңыз
  • 20
3. Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады. Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Республиканың заңнамасында айқындалады.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 05.11.2005 жылғы № 6 Нормативтік қаулысын, ҚР Конституциялық Кеңесінің 18.05.2006 жылғы № 2 Қаулысын
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.03.2017 жылғы № 51-VI Заңына сәйкес (02.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2017 жылы № 51 (28430) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 3
4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау оларды қолданудың мiндеттi шарты болып табылады.
  • 310
5-бап
  • 15
1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. Мемлекеттiк органдарда партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.
1-тармақ өзгертілді ҚР 21.05.2007 жылғы №254 Заңымен (07.10.1998 ж. редакцияны қараңыз)
  • 5
2. Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Қоғамдық бiрлестiктер iсiне мемлекеттiң және мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмейдi.
2-тармақ өзгертілді ҚР 21.05.2007 жылғы №254 Заңымен (07.10.1998 ж. редакцияны қараңыз)
  • 11
3. Мақсаты немесе iс-әрекетi Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бiрлестiктер құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрiлген құрамалар құруға тыйым салынады.
  • 7
4. Республикада басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының қызметіне, дiни негiздегi партияларға, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарды шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 7.06.2000 жылғы № 4/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз
  • 9
5. Шетелдiк дiни бiрлестiктердiң Республика аумағындағы қызметi, сондай-ақ шетелдiк дiни орталықтардың Республикадағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиiстi мемлекеттiк органдарымен келiсу арқылы жүзеге асырылады.
  • 502
6-бап
  • 12
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.
  • 19
2. Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгіне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 3.11.1999 жылғы № 19/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз
  • 19
3. Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
ҚР Конституциялық Кеңесі 13.04.2000 жылғы № 2/2 қаулысымен, ҚР Конституциялық кеңесінің 23.04.2003 жылғы № 4 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.06.2022 жылғы Заңына сәйкес (23.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз)
  • 305
7-бап
  • 8
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi.
  • 9
2. Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 08.05.1997 жылғы № 10/2 қаулысына сәйкес:"аталған конституциялық норма біржақты түсіндіріледі, мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ және орыс тілдері тең дәрежеде, ешбір жағдайдан тыс бірдей қолданылады".
  • 4
3. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
  • 213
8-бап
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптерi мен нормаларын құрметтейдi, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршiлiк қарым-қатынас жасау, олардың теңдiгi мен бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау, халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу саясатын жүргiзедi, қарулы күштi бiрiншi болып қолданудан бас тартады.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 18.05.2006 жылғы № 2 қаулысымен, ҚР Конституциялық кеңесінің 23.04.2003 жылғы № 4 қаулысымен қараңыз
  • 370
9-бап
9-бап өзгертілді ҚР 21.05.2007 жылғы №254 Заңымен (07.10.1998 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi.
  • 2
II бөлім
АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ
  • 553
10-бап
  • 12
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.
  • 29
2. Республиканың азаматын азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Азаматтықтан айыруға террористік қылмыстар жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана жол беріледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.03.2017 жылғы № 51-VI Заңына сәйкес (02.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2017 жылы № 51 (28430) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 3
3. Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 01.12.2003 жылғы № 12 қаулысымен, ҚР Конституциялық Кеңесінің 23.04.2025 жылғы № 71-НҚ нормативтік қаулысын берілген түсініктемені қараңыз
  • 251
11-бап