• Менің таңдаулыларым
Тауар биржалары туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 45

Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы № 155-IV Заңы

Бүкіл мәтін бойынша «биржалық саудаға», «биржалық сауда-саттықты», «биржалық сауда», «биржалық сауданың белгіленген ережелері», «биржалық сауда-саттыққа», «Биржалық сауда», «биржалық сауда-саттықта», «биржалық сауда-саттық», «биржалық саудамен», «биржалық сауда-саттықтың», «биржалық сауданың ережелеріне», «Биржалық саудаға», «Биржалық сауда-саттықта», «Биржалық сауда-саттықтарды», «биржалық сауданы» деген сөздер тиісінше «биржа саудасына», «биржадағы сауда-саттықты», «биржа саудасы», «биржа саудасының белгіленген қағидалары», «биржадағы сауда-саттыққа», «Биржа саудасы», «биржадағы сауда-саттықта», «биржадағы сауда-саттық», «биржа саудасымен», «биржадағы сауда-саттықтың», «биржа саудасы қағидаларына», «Биржа саудасына», «Биржадағы сауда-саттықта», «Биржадағы сауда-саттықты», «биржа саудасын» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңына сәйкес (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
Редакция 20.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Кіріспе алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Кіріспе алынып тасталды ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңына сәйкес (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  • 1
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1) тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңымен (21.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) биржадағы сауда-саттық – тауар биржасының биржалық мәмілелер жасасу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған, биржа саудасы қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс;
1-бап 1-1- тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңына сәйкес  (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-1-тармақша өзгертілді ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (15.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2014 жылы № 97 (28321) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңымен (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңына сәйкес (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
1-2) биржалық брокер (бұдан әрi – брокер) – тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын және клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүддесi үшiн биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
2) биржалық дилер (бұдан әрi – дилер) – тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебiнен биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын кәсіпкерлік субъектісі;
2-тармақша өзгертілді ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (15.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2014 жылы № 97 (28321) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңымен (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1) биржалық қамтылым – биржа саудасына қатысушылар жасалатын биржалық мәмілелер бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде тауар биржасының клирингтік орталығына биржадағы сауда-саттыққа қатысу үшін қайтарымды негізде енгізетін ақшалай қамтылым;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 364-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңына сәйкес (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңына сәйкес (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 364-V Заңына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңына сәйкес (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңына сәйкес (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 364-V Заңына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңына сәйкес (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 364-V Заңына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңына сәйкес (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңына сәйкес (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
6) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңына сәйкес (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңына сәйкес (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
7) биржалық тауар – биржалық тауарлар тізбесіне және (немесе) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген стандартталған біртекті тауар, оның бірліктері барлық жағынан бір-біріне сәйкес келеді, олардың ұқсас сипаттамалары болады және ұқсас құрамдастардан тұрады, бұл оларға түрлі өндірушілерден шыққан партиялардың бірін-бірі толық алмастыру қасиеті бар сол бір функцияларды орындауына мүмкіндік береді;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңына сәйкес (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңына сәйкес (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
8) биржалық тауарларға баға белгілеу - тауар биржасында белгілі бір уақыт кезінде биржалық тауарлар бойынша жарияланған сұраныстың және (немесе) ұсыныстың бағасы;
8-1) биржа саудасы – тауар биржасында электрондық нысанда биржадағы сауда-саттықты өткізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы жүзеге асырылатын биржалық тауарлар мен мерзімді келісімшарттарды өткізу (сатып алу) жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
8-2) биржа саудасына қатысушылар – тауар биржасында биржа саудасының белгіленген қағидалары бойынша өзара іс-қимыл жасайтын клиенттер, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер;
1-бап 8-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
9) бұйрық – клиент тауар биржасында нақты биржалық тауарларға қатысты белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды көрсете отырып, брокерге ұсынатын құжат;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-1) кепілдік беру қоры – биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржа мүшелерінің жарналары есебінен тауар биржасының клирингтік орталығы қалыптастыратын ақша қоры;
1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
9-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңына сәйкес (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
9-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 9-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
9-2-тармақша алынып тасталды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) клиент – осы Заңда белгіленген тәртіппен биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің көрсететін қызметтерін пайдаланатын жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңына сәйкес (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақша алынып тасталды ҚР 27.10.2015 жылғы № 364-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-1) кросс-мәміле – брокер екі әртүрлі клиенттің тапсырмасы бойынша әрекет ете отырып, сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да әрекет ететін биржалық мәміле;
1-бап 11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
11-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-2) қосарланған қарсы аукцион режимі – сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде биржалық мәмілелер анонимді түрде жасалатын, ал биржалық тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі деңгейінде белгіленетін сауда режимі;
1-бап 11-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
11-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңына сәйкес (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңына сәйкес (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
11-3) маркет-мейкер – баға белгілеулерді қою және мерзімді келісімшарттарды сатып алу және сату жөніндегі міндеттемелерді қабылдау арқылы биржалық нарықтың өтімділігін қалыптастыратын және қолдайтын заңды тұлға;
1-бап 11-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңына сәйкес (өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) мерзімді келісімшарт – орындау мерзімі кейінге қалдырылған базалық активті шартсыз немесе шартты сатып алу-сатуға арналған келісімшарт, оған фьючерс, опцион жатады;
12-тармақша өзгертілді  ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңымен (21.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
12-1) мінсіз іскерлік бедел – адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;
1-бап 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.09.2025 № 219-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 20.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-тармақша алынып тасталды ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңымен (21.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
14) опциондық мәміле – объектісі опцион болып табылатын биржалық мәміле;
14-тармақша өзгертілді  ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңымен (21.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
14-1) өзін-өзі реттейтін ұйым – тауар биржаларының, брокерлердің немесе дилерлердің ерікті қатысуына негізделген және тауар биржалары саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізілген, қауымдастық (одақ) нысанындағы коммерциялық емес ұйым;
1-бап 14-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
14-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14-1 өзгертілді ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңымен (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14-2) резервтік қор – биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауар биржасы өз қаражаты есебінен қалыптастыратын ақша қоры;
1-бап 14-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңына сәйкес (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
14-3) сауда лоты – биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімде көрсетілген биржалық тауардың саны оған еселенуге тиіс биржалық тауар саны;
1-бап 14-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңына сәйкес (өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
15-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңымен (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
16) спот-тауар - шұғыл берілетін немесе алдағы уақытта берілетін, қоймада тұрған тауар;
16-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 16-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
16-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңына сәйкес (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-1-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңына сәйкес (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
16-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 16-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңына сәйкес (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-2-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңына сәйкес (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
16-3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 16-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңына сәйкес (өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-3-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңына сәйкес (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
17) тауар биржасының мүшелері – осы Заңда айқындалған тәртіппен тауар биржасы аккредиттеген брокерлер, сондай-ақ дилерлер және маркет-мейкерлер;
17-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңына сәйкес (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңымен (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
18) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
18-тармақша өзгертілді  ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңымен (21.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңымен (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19) тауар биржасының ішкі құжаттары - тауар биржасында биржа саудасына қатысушылар қызметінің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, қызмет көрсетулер, оларға ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін реттейтін құжаттар;
19-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңымен (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19-1) тауар биржасының электрондық сауда жүйесi – биржадағы сауда-саттықты өткізуге қажетті және биржалық мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылымы, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешені;
1-бап 19-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
19-1-тармақша өзгертілді ҚР 27.10.2015 жылғы № 364-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін 2-бабынан қараңыз)
20) фьючерстiк мәмiле – объектісі фьючерс болып табылатын биржалық мәмiле;
20- тармақша өзгертілді ҚР 06.03.2013 жылғы № 81-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
21) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 21-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
21-тармақша алынып тасталдыҚР 27.10.2015 жылғы № 364-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
2-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-1-бап. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары
1-тарау 2-1-баппен толықтырылды ҚР 30.12.2024 жылғы № 149-VIII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2025 жылдан бастап)
1. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: