• Мое избранное
Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 13

Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145 Қаулысы

Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.07.2004 жылғы № 808 Қаулысымен (10.02.2003 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 11.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.04.2013 жылғы № 366 Қаулысымен (13.09.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.12.2014 жылғы № 1266 Қаулысымен (16.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.12.2014 № 242(28472) жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 3
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттеріне, мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және/немесе мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар), заңнамада белгіленген тәртіппен жыл сайын:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.07.2004 жылғы № 808 Қаулысымен (10.02.2003 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.05.2006 жылғы № 362 Қаулысымен (30.07.2004 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.04.2007 жылғы № 294 Қаулысымен (03.05.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2007 жылғы № 647 Қаулысымен (12.04.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2007 жылғы № 964 Қаулысымен (31.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2008 жылғы № 725 Қаулысымен (18.10.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.11.2008 жылғы № 1048 Қаулысымен (31.07.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.11.2008 жылғы № 1080 Қаулысымен (12.11.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.03.2009 жылғы № 294 Қаулысымен (21.11.2008 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.03.2009 жылғы № 388 Қаулысымен (12.03.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2011 жылғы № 335 Қаулысымен (24.03.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.04.2013 жылғы № 366 Қаулысымен (13.09.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.07.2004 жылғы № 808 Қаулысымен (10.02.2003 ж. редакцияны қараңыз)
2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.07.2004 жылғы № 808 Қаулысымен (10.02.2003 ж. редакцияны қараңыз)
  • 1
3) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді және ұлттық компанияларды, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін айқындауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын қарау және бекiту кезiнде:
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.07.2004 жылғы № 808 Қаулысымен (10.02.2003 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.04.2013 жылғы № 366 Қаулысымен (13.09.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.12.2014 жылғы № 1266 Қаулысымен (16.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.12.2014 № 242(28472) жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.09.2016 жылғы № 525 Қаулысымен (02.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.08.2021 жылғы № 522 Қаулысымен (07.09.2016 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.09.2022 жылғы № 767 Қаулысымен (24.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.03.2024 жылғы № 164 Қаулысымен (29.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)
бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік органдарға көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтік автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiне ұқсас акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттiк кәсiпорындардың) қызметтiк автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативтерiне;
бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың нормаларынан аспайтын мөлшерде акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттiк кәсіпорындардың) әкiмшiлiк аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормаларына;
ескертпе: акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттік кәсіпорындар) әкімшілік аппараттарын орналастыруға арналған алаңдардың нормалары "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ұлттық талдауды қалыптастыру департаментіне (Талдау орталығы), Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қолданылмайды;
оларға сәйкес тәулiкақы мөлшерi және тұрғын үйдi жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу үшiн шектi мөлшерлер Қазақстан Республикасының шегiндегi iссапарлар үшiн "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы N 108 қаулысымен белгiленген шетел валютасындағы iссапар шығыстарын өтеу нормаларынан аспауы тиiс "Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1428 қаулысымен бекiтiлген ережеге ұқсас. Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттiк кәсiпорындардың) қызметкерлерiне шығыстарын өтеу тәртiбi мен шарттарына сәйкес кейбiр шығыстардың лимиттерiн бекiтсiн;
4) акционерлік қоғамның және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (мемлекеттік кәсіпорындардың) қаражаты есебінен ұялы телефондарды сатып алуға, сондай-ақ ұялы телефондардан шығатын шығыс қоңырауларына ақы төлеуге жол берілмейді;
5) мемлекеттік органмен (мемлекеттік кәсіпорындар үшін - мемлекеттік басқару органымен) акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттік кәсіпорындардың) бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының шетелдік іссапарларын келісу міндеттілігін қамтамасыз етсін;
6) өкiлдiк шығыстарының лимиттерiн белгiлесiн.
1-1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
  • 1
1-2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен мақұлданған шарттарда ұлттық басқарушы холдинг сатып алған екінші деңгейдегі банкті қоспағанда, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі заңды тұлғаларға қатысты осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларға ұқсас шаралар қабылдау ұсынылсын.
1-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 31.03.2011 жылғы № 335 Қаулысына сәйкес 
1-2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.09.2011 жылғы № 1043 Қаулысымен (31.03.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.12.2014 жылғы № 1266 Қаулысымен (16.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.12.2014 № 242(28472) жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.06.2022 жылғы № 427 Қаулысына сәйкес (05.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
  • 1
1-3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қаулы 1-3-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.09.2011 жылғы № 1043 Қаулысына сәйкес
1-3-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.12.2014 жылғы № 1266 Қаулысымен (16.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.12.2014 № 242(28472) жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 4
1-4. Тиісті салалардың уәкілетті органдары ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты:
Қаулы 1-4-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 16.04.2013 жылғы № 366 Қаулысына сәйкес
1) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлері бойынша арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiн бекітсiн;
2) олардың құзыретіне жатқызылған қызмет салалары бойынша автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемдерін айқындасын.
2. Осы қаулының күші қолданылатын, басым (монополиялық) орын алатын табиғи монополия субъектiлерi мен рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетудi (тауарларды, жұмыстарды) өндiруiне және ұсынуына бағаларды (тарифтердi) есептеу кезiнде ескерiлетiн шығыстардың лимиттерi монополияға қарсы заңнамаға сәйкес анықталады.
3. "Акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 тамыздағы N 1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 389-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1, 2, 3-тармақтар алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі