Toggle Dropdown
Осы редакция 01.07.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 Қаулысы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар мен ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 12 қазандағы
№ 1052 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама Астана, 2010 жыл
Toggle Dropdown
Атауы Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама
Toggle Dropdown
Әзірлеуге арналған «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-
Toggle Dropdown
негіз инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы»
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-
Toggle Dropdown
инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Toggle Dropdown
Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысы
Toggle Dropdown
Жауапты орындаушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Toggle Dropdown
Мақсаты Азық-түлік қауіпсіздігін және өнімдердің экспортын ұлғайтуды қамтамасыз ететін елдің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенін дамыту.
Toggle Dropdown
Міндеті Бағдарламаның мақсатына жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
Toggle Dropdown
орнықты даму қағидаттары негізінде ішкі нарықтың қажеттіліктерін жабу және экспорттық тауашаларды алу үшін бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері мен тағамдарын өндіру;
Toggle Dropdown
АӨК-ның қазіргі инфрақұрылымын дамыту;
Toggle Dropdown
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әлемдік ғылым тренділеріне сәйкес АӨК-нің басым бағыттарына ғылыми зерттеулерді шоғырландыру;
Toggle Dropdown
АӨК мұқтаждары үшін қажетті біліктілігі жоғары кадрларды даярлау
Toggle Dropdown
Іске асыру мерзімі 2010-2014 жылдар
Toggle Dropdown
Нысаналы индикаторлар Ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
АӨК-нің жалпы қосылған құнын кемінде 16 %-ға өсіру;
Toggle Dropdown
техникалық регламенттер мен стандарттардың талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығының сапалы өнімдерін өндіру;
Toggle Dropdown
АӨК-дегі еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға 3 000 АҚШ долларынан бастап 2015 жылға қарай кемінде 2 есе өсіру;
Toggle Dropdown
ел экспортының жалпы көлеміндегі аграрлық саланың экспорттық әлеуетін 2015 жылға қарай
Toggle Dropdown
8 %-ға дейін өсіру;
Toggle Dropdown
азық-түлік тауарларының ішкі нарығын 80 %-дан астам отандық азық-түлік тағамдарымен қамтамасыз ету
Toggle Dropdown
Қаржыландыру Республикалық және жергілікті бюджеттердің көздері мен қаражаты, ресурстар мен бюджеттен тыс көлемдері көздердің қаражаты (АӨК субъектілерінің қаражаты, қарыз қаражаты, инвестициялар мен қаржы институттарының қаражаты).
Toggle Dropdown
Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджетте көзделген жалпы шығыстар 2010 - 2014 жылдары мынаны құрайды:
Toggle Dropdown
барлығы - 989 221,19 млн. теңге, о.і.
Toggle Dropdown
2010 жылы - 227 918,10 млн. теңге
Toggle Dropdown
2011 жылы - 195 065,83 млн. теңге
Toggle Dropdown
2012 жылы — 181 006,74 млн. теңге
Toggle Dropdown
2013 жылы - 167 877,74 млн. теңге
Toggle Dropdown
2014 жылы - 217 352,78 млн. теңге.
Toggle Dropdown
Жергілікті барлығы - 243 892,0 млн. теңге, о.і.
Toggle Dropdown
бюджеттердің 2010 жылы - 4 134,50 млн. теңге шығыстары: 2011 жылы - 50 114,20 млн. теңге
Toggle Dropdown
2012 жылы - 56 517,70 млн. теңге
Toggle Dropdown
2013 жылы - 62 438,40 млн. теңге
Toggle Dropdown
2014 жылы - 70 687,20 млн. теңге
Toggle Dropdown
Бағдарламада көзделген іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде қаржыландыру көлемі нақтыланатын болады.
Toggle Dropdown
2. Кіріспе