• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 11.06.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар мен ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.
5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 12 қазандағы
 № 1052 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама Астана, 2010 жыл
Паспорт
бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2011 № 749 Қаулысымен. (12.10.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Атауы                  Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік                         кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға                         арналған бағдарлама
Әзірлеуге арналған     «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-
негіз                  инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014                         жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және                         Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір                         жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы»
                Қазақстан Республикасы Президентінің 2010                         жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы, «Қазақстан                         Республикасы Үкіметінің Қазақстан                          Республикасын үдемелі индустриялық-
                инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014                         жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны                         іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын                         бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
                Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302                         қаулысы
Жауапты орындаушы      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы                         министрлігі
Мақсаты                Азық-түлік қауіпсіздігін және өнімдердің                         экспортын ұлғайтуды қамтамасыз ететін елдің                         бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенін                         дамыту.
Міндеті                Бағдарламаның мақсатына жету үшін мынадай                         міндеттерді шешу көзделеді:
                орнықты даму қағидаттары негізінде ішкі                         нарықтың қажеттіліктерін жабу және экспорттық                         тауашаларды алу үшін бәсекеге қабілетті ауыл                         шаруашылығы өнімдері мен тағамдарын өндіру;
                АӨК-ның қазіргі инфрақұрылымын дамыту;
                елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен                         әлемдік ғылым тренділеріне сәйкес АӨК-нің                         басым бағыттарына ғылыми зерттеулерді                         шоғырландыру;
                АӨК мұқтаждары үшін қажетті біліктілігі жоғары                         кадрларды даярлау
Іске асыру мерзімі     2010-2014 жылдар
Нысаналы индикаторлар  Ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін                         қамтамасыз ету;
                АӨК-нің жалпы қосылған құнын кемінде 16 %-ға                         өсіру;
                техникалық регламенттер мен стандарттардың                         талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығының сапалы                         өнімдерін өндіру;
                АӨК-дегі еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында                         жұмыс істейтін бір адамға 3 000 АҚШ долларынан                         бастап 2015 жылға қарай кемінде 2 есе өсіру;
                ел экспортының жалпы көлеміндегі аграрлық                         саланың экспорттық әлеуетін 2015 жылға қарай
                8 %-ға дейін өсіру;
                азық-түлік тауарларының ішкі нарығын 80 %-дан                         астам отандық азық-түлік тағамдарымен                         қамтамасыз ету
Қаржыландыру           Республикалық және жергілікті бюджеттердің  көздері мен            қаражаты, ресурстар мен бюджеттен тыс көлемдері              көздердің қаражаты (АӨК субъектілерінің                         қаражаты, қарыз қаражаты, инвестициялар мен                         қаржы институттарының қаражаты).
                Бағдарламаны іске асыруға республикалық                         бюджетте көзделген жалпы шығыстар 2010 - 2014                         жылдары мынаны құрайды:
                барлығы – 1 035 963,72 млн. теңге, о.i.
                2010 жылы – 228 265,70 млн. теңге
                2011 жылы – 220 313,46 млн. теңге
                2012 жылы – 188 289,24 млн. теңге
                2013 жылы – 181 742,54 млн. теңге
                2014 жылы – 212 352,78 млн. теңге.
Жергілікті             барлығы - 243 892,0 млн. теңге, о.і.
бюджеттердің           2010 жылы - 4 134,50 млн. теңге  шығыстары:             2011 жылы - 50 114,20 млн. теңге
                2012 жылы - 56 517,70 млн. теңге
                2013 жылы - 62 438,40 млн. теңге
                2014 жылы - 70 687,20 млн. теңге
                Бағдарламада көзделген іс-шараларды Қазақстан                         Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті                         қаржы жылдарына арналған республикалық және                         жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде                         қаржыландыру көлемі нақтыланатын болады.
2. Кіріспе