1. "Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы" акционерлiк қоғамы таратылсын.
-
Продукты:
Консультации
Консультации
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң "Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы" мемлекеттiк мекемесiн құрудың кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 811 Қаулысы
Редакция 15.04.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы" акционерлiк қоғамы таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң "Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - мекеме) құрылсын.
3. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк оңалту, есiрткiнi терiс пайдаланудың алдын алу болып айқындалсын.
4. Мекеменi қаржыландыру Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен "Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы" акционерлiк қоғамын тарату және кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған оның мүлкiн мекемеге беру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) мекеменің жарғысын бекітуді және оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
7. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы N 811 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Ақмола облысы" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 13-8-жол алынып тасталсын.
2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 266-4-жол алынып тасталсын.
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(25.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)(күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.04.2008 № 339 Қаулысымен)
4. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"1. Мемлекеттiк мекемелер" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 97-жолмен толықтырылсын:
"97. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң "Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы".
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |