1. Қоса берiлiп отырған:
Отправить по почте
Осы редакция 24.11.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы N 1107 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар;
3) Агенттiктiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) оның мүлiктi басқару жөнiндегi функциялары және өкiлеттiктерi Агенттiкке берiле отырып таратылсын.
3. Агенттiктi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Агенттiкке берiлетiн штат саны шегiнде республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4. Агенттiк төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
5. Комитеттiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi Агенттiктiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта аталсын.
6. Агенттiк, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне 2003 жылға бөлiнген бюджет қаражатын қайта бөлуді қамтамасыз етсiн.
7. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
8. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы N 1521 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 42, 487-құжат), 1-1-тармағынан басқа, күшi жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi туралы ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрамына кiрмейтiн, ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға уәкiлеттiк берiлген орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының қазыналық органдарында және банктерде бюджеттiк және валюталық шоттары болады.
Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Егер Агенттiкке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.
4. Агенттiк өзiнiң мемлекеттiк өкiлеттiгi шеңберiнде заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар түрiнде кесiмдер басып шығарады.
5. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Агенттiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Әуезов көшесi, 71.
7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi.
8. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтайшы құжаты болады.
9. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Агенттiкке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Aгенттіктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Агенттiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берiлген жағдайда, осындай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жіберіледі.
2. Агенттiктiң негiзгi мiндеттері, функциялары және құқықтары
10. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның iске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын іске асыру;
2) өз құзыретi шегiнде ақпараттандыру және байланыс саласындағы қызметтi мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;
3) радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану саласындағы, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде ақпараттандыру және байланыс саласында метрология, стандарттау және сертификаттау аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу және оның iске асырылуын қамтамасыз ету;
4) байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк техникалық қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;
5) ұсыныстар әзiрлеуге қатысу және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру мен байланысын дамытудың және жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары мен басымдықтарын iске асыру, олардың сапасын, қол жетiмдiлiгiнiң және орнықты жұмыс iстеуiн арттыру;
6) радиожиiлiк спектрiн пайдалануды жоспарлау, сондай-ақ оның тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету;
7) ақпараттандыру және байланыс қызметтерiн көрсету рыногының жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасау;
8) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және жобалау жұмыстарына, сондай-ақ ақпараттандыру және байланыс саласындағы кадрларды оқытуға даярлауға және бiлiктiлiгiн арттыруға мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру;
9) ақпараттандыру және байланыс саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
11. Агенттiк өз құзыретi шегiнде заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды және байланыс инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретiне жатқызылған қызмет түрлерiн лицензиялау;
4) лицензиялау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
5) байланыс, ақпараттандыру және радиожиiлiк спектрiн пайдалану саласындағы заңды және жеке тұлғалардың қызметiне мемлекеттiк техникалық қадағалау мен бақылауды қамтамасыз ету;
6) фискальдық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне(нен) компьютерлiк жүйелердi енгiзу (алып тастау) үшiн қорытындылар беру тәртiбiн айқындау және беру;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |