• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 22.09.2008 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы N 1107 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған: 
1) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасының кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар; 
3) Агенттiктiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн; 
4) Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.04.2008 № 362 Қаулысымен. (05.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) оның мүлiктi басқару жөнiндегi функциялары және өкiлеттiктерi Агенттiкке берiле отырып таратылсын.
3. Агенттiктi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Агенттiкке берiлетiн штат саны шегiнде республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 1184 Қаулысымен).
5. Комитеттiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi Агенттiктiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта аталсын.
6. Агенттiк, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне 2003 жылға бөлiнген бюджет қаражатын қайта бөлуді қамтамасыз етсiн.
7. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
8. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы N 1521  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 42, 487-құжат), 1-1-тармағынан басқа, күшi жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2003 жылғы 22 шілдедегі
 N 724 қаулысымен
 бекiтiлген
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 1184 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін, ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. 
Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар.
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында ашылатын шоттары, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі болады.
4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Агенттік, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Агенттіктің аумақтық органдарын қоса алғанда, оның штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
8. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, N 35 көше, N 8 үй.
9. Агенттіктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтайшы құжаты болып табылады.
11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
13. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 
1) байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, байланыс саласындағы қызметтерді ұсынатын немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу; 
2) ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу; 
3) почта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, почта операторларының қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу.
14. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыруды ұйымдастыру; 
ақпараттандыру саласында және "электрондық үкімет" қалыптастыруда халықаралық ынтымақтастықты дамыту; 
Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігі ретінде байланыс халықаралық одақтары мен ұйымдарында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру және қорғау; 
радиожиілік спектрін пайдалануды жоспарлау; 
Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиілікті халықаралық үйлестіру; 
Қазақстан Республикасының почта әкімшілігі ретінде басқа мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың почта әкімшіліктерімен өзара іс-қимылда өз құзыреті шегінде почта байланысы саласында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру және қорғау; 
Қазақстан Республикасының почта байланысын дамыту және почта-жинақтау жүйесін қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу; 
байланыс және ақпараттандыру саласында "электрондық үкіметті" қалыптастыру кезінде қызметті салааралық үйлестіру; 
ақпараттандыру және байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;