Bestprofi Logo

Қаулы № 362 от 2008-04-17г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 362 Қаулысы

" Мемлекеттік кәсіпорын туралы " Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес, ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні телекоммуникация саласындағы қызмет, оның ішінде мыналар бойынша:

1) радиожиілік спектрі және радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесін, радиоэлектрондық құралдар мен радиожиіліктер тағайындаудың тізілімін (деректер базасын) сүйемелдеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарының және жоғары жиілік құрылғыларының электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымында біріктірілген ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді техникалық сүйемелдеуге қатысу болып белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;

2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание