• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 22 қыркүйек N 1428

тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.04.2001. № 514 қаулысымен.
Осы редакция 25.03.2008 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:  
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн. 
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр  
шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.  
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.     
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2000 жылғы 22 қыркүйектегі
 N 1428 қаулысымен
 бекiтiлген
Мемлекеттiк бюджеттiк қаражаты есебiнен ұсталатын  
  мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi   
  қызметтік iссапарлары туралы  
  ЕРЕЖЕ 
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.04.2001. № 514 қаулысымен.
Осы Ереже Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерiнiң қызметкерлерiне шығыстарын өтеудің тәртiбi мен шарттарын анықтайды.  
1. Қызметтiк iссапар (бұдан әрi - iссапар) қызметкердiң мемлекеттiк мекеме басшысының өкiмi бойынша еңбек мiндеттемелерiн өзiнiң тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде орындау үшiн, сондай-ақ кәсiптiк деңгейi мен бiлiктілiгiн арттыру және қайта даярлану  белгiлі бiр мерзiмге сапары болып табылады.  
Мемлекеттiк мекеменiң құрамына кiретiн бөлiмшелер басқа елдi мекенде орналасқан жағдайда жұмысы жеке еңбек шартымен (осы мемлекеттiк мекеменiң бұйрығымен) негізделген құрылымдық бөлiмше тұрақты жұмыс орны болып саналады. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.07.2005. № 783 қаулысымен (17.02.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiн iссапарға жiберудi бұйрықтың (өкiмнiң) негiзiнде баратын жерi мен мекеменiң атауын, iссапардың мерзiмi мен мақсатын көрсете отырып, осы мемлекеттiк мекемелердiң басшылары жүргiзедi. Iссапарға жiберiлген қызметкерге басшы қол қойған iссапар куәлiгi берiледi.  
3. Қызметкерлер iссапарының мерзiмiн мемлекеттiк мекемелердiң басшылары анықтайды, алайда, ол жолда жүру уақытын есептемегенде, 40 күннен аспауы тиiс. Қызметтiк қажеттiлiк жағдайында iссапар мерзiмi осы мемлекеттiк мекеме басшысының тиiстi бұйрығымен ұзартылуы мүмкiн.  
4. Қызметкерлердiң бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған ұйымдарға iссапары жолда жүру уақытын есептемегенде, 5 күннен аспауы тиiс. Іссапар мерзiмiн ұзартуға ерекше жағдайларда (көлiк құралдарының болмауы немесе iссапардың шұғылдығы) осы ұйымның тиiстi бұйрығын шығару жолымен 5 күннен асырмай рұқсат етiледi.  
5. Іссапарда болған нақты уақыты баратын жерiне келген күнi және барған жерiнен кеткен күнi туралы iссапар куәлiгіндегі белгілер бойынша анықталады. Егер қызметкер әртүрлi елдi мекендерге iссапарға жiберiлсе, келген күнi және кеткен күнi туралы белгiлер олардың әрқайсысында жасалады.  
Іссапарға кеткен және iссапардан келген қызметкерлердi тiркеу, сондай-ақ осы мемлекеттiк мекемеге iссапарға келген адамдарды тiркеу осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша арнайы журналдарда жүргізiледi.  
Мемлекеттiк мекеменiң басшысы бұйрық шығару арқылы iссапар куәлiктерiне белгілер жасауға және көрсетiлген арнайы журналдарды жүргiзуге жауапты адамды тағайындайды.  
6. Іссапарға жiберiлушiнiң тұрақты жұмыс орнынан поезбен, ұшақпен, автобуспен немесе басқа да көлiк құралымен кеткен күнi - iссапарға кеткен күн, ал келген күн - көрсетiлген көлiк құралының тұрақты жұмыс орнына келген күнi болып саналады. Іссапарға шыққан күн 24 сағатқа дейiн қоса алғанда көлiк жүрген жағдайда - ағымдағы тәулiк, ал 00 сағат және одан кейiн жүрген жағдайда - келесi тәулiк болып саналады.  
Егер шығатын станция (вокзал, айлақ немесе әуежай) елдi мекеннен жырақта орналасса, онда iссапарға кету күнi жоғарыда көрсетiлген тәсiлмен көлiк жүретiн орынға жету үшiн қажеттi уақыт ескерiле отырып, есептеледi.  
Қызметкердiң тұрақты жұмыс орнына келген поездың, автобустың немесе басқа да көлiк құралының нақты келiп жеткен күнi iссапардан келген күн болып саналады, бiрақ, мұнда да көлiктiң келген жерiнен елдi мекенге дейiн жүру уақыты ескерiледi.  
Поезд уақытылы келмесе немесе жөнелтiлмесе, тасымалдаушы жолаушының өтiнiшiмен оған поездың кешiккенi туралы куәландыратын құжат бередi.  
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.02.2005. № 146 қаулысымен. (18.04.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Iссапарда жүрген қызметкерлерге олар iссапарға жiберілген мемлекеттiк мекемелердiң жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi қолданылады.  
8. Iссапарға жiберiлген қызметкерлер iссапарының бүкiл уақыты бойы жұмыс (лауазым) орны мен iссапар уақытындағы, оның iшiнде, жолда жүру уақытындағы да орташа жалақысы сақталады.  
Қызметкердiң iссапарда жүрген уақытындағы орташа жалақысы тұрақты жұмыс орны бойынша белгiленген кесте бойынша аптаның барлық жұмыс күнi үшiн сақталады.  
Iссапарда бөлу күнiнiң нақты саны, қызметкерге iссапар куәлiгi берiлген сәт немесе iссапар туралы бұйрықта көзделген кету күніне қарамастан, поезд немесе басқа да көлiктiң жүрген күнiнен бастап, iссапарға жiберiлушi онымен барған немесе оралған поезд немесе басқа да көлiк құралы (тиiстi жағдайларда елдi мекеннен көлiк құралы жүретiн жерге жетуге және қайтуға қажеттi уақыт ескерілiп келген) күнi есептеледi.  
Қызметкер iссапардан тұрақты жұмыс орнына жұмыс күнi аяқталмай келген жағдайда, осы күнi жұмысқа келу уақыты мәселесi әкiмшiлiкпен уағдаласып, шешiледi.  
9. Іссапарға жiберiлген қызметкердiң мынадай шығыстары өтеледi:  
1) iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi;  
2) көрсеткен құжаттардың негізiнде тұрғын үй-жайды жалдауы бойынша:  
мемлекеттiк мекемелердiң басшылары мен басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, Жоғарғы Сот судьялары үшiн тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстардың сомасы тәулiгiне Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында он есе айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнен, облыс орталықтарында бес есе айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнен және аудан орталықтарында үш есе айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнен аспауы тиiс;