Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 сәуір N 514
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 461-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы "қызметкерлерінің" деген сөзден кейін ", сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережеде: тақырыбы "қызметкерлерінің" деген сөзден кейін ", сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының" деген сөздермен толықтырылсын; 9-тармақтың 2-тармақшасының екінші абзацында: "мемлекеттік мекемелердің басшылары мен басшыларының орынбасарлары" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары" деген сөздермен толықтырылсын; "бес есе" деген сөздер "жеті есе" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Жұманазарова А.Б.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |