"Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы № 630 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк іссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 41, 461-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк іссапарлары туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметкерлер іссапарының мерзiмiн орталық атқарушы органның басшысымен келiсiм бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшылары (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғалары), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттiк мекемелердiң басшылары анықтайды, алайда, ол жолда жүру уақытын есептемегенде, 40 күннен (біліктіліктің кәсіби деңгейін арттыруға және қайта даярлауға жіберуді қоспағанда, сондай-ақ егер іссапар жедел-іздестіру қызметіне байланысты болса) аспауы тиiс. Қызметтiк қажеттiлiк жағдайында iссапар мерзiмi орталық атқарушы органның басшысымен келiсiм бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - осы мемлекеттiк мекеме басшысының тиiстi бұйрығымен ұзартылуы мүмкін.»;
6-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметкердің тұрақты жұмыс орнына келген поездың, автобустың немесе басқа да көлік құралының нақты келiп жеткен күні іссапардан келген күн болып саналады, көліктің келген жерiнен елдi мекенге дейін жүру уақыты ескерiледi.
Поезд, автобус немесе басқа да көлiк құралы уақтылы келмеген немесе жөнелтілмеген жағдайда, тасымалдаушы жолаушының өтінішімен оған поезд, автобус немесе басқа да көлік құралының кешіккені туралы куәландыратын құжат бередi.»;
2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көрсеткен растау құжаттары бойынша (фискалдық чек, кіріс кассалық ордер, шот-фактура, шот, жүкқұжат, хабарлама, ал тұрғаны үшін дара кәсіпкер берген құжаттарды ұсынған жағдайда адамның мүлікті жалға беру құқығын растайтын құжаттар (жалдау шарты, патент, куәлік) және қонақ үй қызметтерін берушілер ұсынатын басқа да растау құжаттары қосымша беріледі) тұрғын үй-жайды жалдауы бойынша:»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
3) темiр жолмен жүрген кезде - купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың «Турист» және «Бизнес» класты вагондарын қоспағанда) тарифі бойынша; су жолдарымен, тас және топырақ жолдармен - сол жергiлiктi жердегi қолданылып жүрген жол құны бойынша, ерекше жағдайларда, (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өту кезінде, көрсетiлген көлік құралдарының болмауы немесе іссапардың қауырттылығы) мемлекеттiк мекеме басшысының рұқсатымен жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың «Турист» және «Бизнес» класты вагондарының тарифтері бойынша темiр жол көлiгiмен және әуе көлiгiмен - экономикалық класс тарифі бойынша, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарларына әуе көлігімен «Бизнес» класс тарифі бойынша көрсеткен жол құжаттарының негiзiнде iссапарға жiберiлген орынға жетуі және тұрақты жұмыс орнына қайтып келуi бойынша (әкiмшiлiк iссапарға жіберілушіге қозғалыс құралдарын берген жағдайлардан басқа жағдайларда);»;
6) тармақшадағы «бойынша.» деген сөз «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылсын.
мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) мемлекеттік мекеменің басшысын, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының рұқсатымен мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарын, орталық атқарушы органның жауапты хатшысын жақын аудан және облыс орталықтарына қызметтік автокөлікпен іссапарға жіберген кезде көлік шығыстары;
8) жұмыс орнынан Қазақстан Республикасынан тыс жерге тікелей рейс болмаған жағдайда, мемлекет ішінде жұмыс орнынан кету (ұшу) орнына және кері жол жүру жөніндегі шығыстар 151 «Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік іссапарлар» ерекшелігі бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бұл ретте шақыру бойынша мемлекет ішінде жұмыс орнынан кету (ұшу) орнына және кері жол жүру жөніндегі шығыстар шақырушы тараптың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов