• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы N 918 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 918 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы N 1250 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 4 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 24.06.2015 жылғы № 479 Қаулысына сәйкес
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы сараптама жұмыстары мен қызметтерi рыногын одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргiзу ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 918  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 27, 304-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекітілген Ережеде: 
3-тармақтың екiншi абзацындағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын; 
көрсетілген Ережеге "Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерiне, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасына сараптама жүргiзу ережесiнде қолданылатын ұғымдар" деген қосымшада: 
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"4. Ықтимал қауiптi құрылыс объектiлерi - өздерiнiң берiлген функционалдық мақсатының, технологиялық процестерi мен пайдалану сипаттамасының салдарынан халықтың денсаулығы мен өмiрiне залал келтiре, өзге объектiлердiң тұрақты жұмыс iстеуiн бұза отырып, техногендiк немесе экологиялық апаттар, авариялар туындауының ықтимал қаупiн қамтитын объектiлер."; 
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"5. Техникалық жағынан күрделi объектiлер (кешендер) - жауапкершiлiгi I және II деңгейге жататын ғимараттар мен құрылыстар, олар үшiн құрылыс жобаларын сараптамалық бағалау заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретiне жатқызылған. 
Жауапкершiлiгi II деңгейге жататын тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы мынадай ғимараттар мен құрылыстар (сыртқы инженерлiк желiлердi қоса алғанда) техникалық жағынан күрделi объектілерге жатпайды: 
1) биiктігi: 
қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшiн, сондай-ақ сейсмикалық белсендiлiгі жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн бейiмделген төменгi қабаттарсыз - қоса есептегенде жер үстiндегi 5 қабатқа дейiнгi; 
сейсмикалық белсенділiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен іс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) жағдайдағы аудандар үшін - қоса есептегенде 3 қабатқа дейiнгi (оның iшiнде бейiмделген бiрiншi қабатты) тұрғын үйлер (ғимараттар) мен жатақханалар; 
2) биiктiгi: 
қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшiн, сондай-ақ сейсмикалық белсендiлiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн бейiмделген төменгі қабаттарсыз - қоса есептегенде жер үстiндегi 5 қабатқа дейінгі; 
сейсмикалық белсендiлiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен іс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн - қоса есептегенде 3 қабатқа дейiнгi (оның iшінде бейiмделген бiрiншi қабатты) саны 50-ден аспайтын нөмiрлері бар және жалпы сыйымдылығы 100 тұрғыннан аспайтын мейманхана кешендерi (мотельдер, туристiк базалар); 
3) қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар: 
орын саны қоса есептегенде 60 балаға дейiнгi мектепке дейiнгi балалар мекемелерi; 
орын саны қоса есептегенде 250-гe дейінгі оқушыға арналған жалпы бiлiм беретiн мектептер мен орта бiлiм беретiн өзге де мекемелер; 
биiктiгi қоса есептегенде екі қабатқа дейiнгi және сыйымдылығы 100 баладан аспайтын мектеп-интернаттардың, балалардың демалыс лагерлерiнiң жеке тұрған жатын корпустары; 
қоса есептегенде 60 төсектiк ауруханалар, ауысымда 100 адам қабылдайтын емханалар; 
ғұрыптарды мейлiнше жаппай орындаған сәтте бiр мезгілде 250 адам келетiн ғибадат ғимараттары мен құрылыстары; 
қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшін биiктiгi - қоса есептегенде 5 қабатқа дейiнгi көп функционалды қоғамдық, сондай-ақ жеке тұрған әкiмшілiк, қызметтік-басқару және мәдени-ағарту ғимараттары (бiр мезгiлде 300-ден аспайтын адам болатын); 
сейсмикалық белсенділiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшін - биiктiгi осындай қоса есептегенде 3 қабатқа дейiнгi; 
қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшiн - сыйымдылығы 300-ден аспайтын көрерменге арналған спорттық-ойын-сауық ғимараттары және залы бар жабық құрылыстар; 
сейсмикалық белсендiлiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен іс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн - сыйымдылығы 100-ден аспайтын көрерменге арналған осындай залы бар; 
бiр мезгiлде келушілер мен қызмет көрсетушi персоналдың саны 100 адамнан аспайтын монша-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру немесе демалыс-ойын-сауық кешендерiнiң жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттары мен жабық құрылыстары; 
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуiне арналған өндiрiстiк процестерi бар жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттар; 
сыйымдылығы 100 отыратын орыннан аспайтын қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттары; 
сауда алаңы 500 шаршы метрден аспайтын сауда кәсiпорындарының жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттары; 
саны 300 бiрлiктен аспайтын сауда орындары бар жабық базарлар; 
4) қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандарда құрылысқа арналған көлiк инфрақұрылымының азаматтық объектiлерi, оның iшiнде: 
тәулiгiне қоса есептегенде 100 жолаушыға дейiнгi өткiзу қабiлетi бар темiр жол вокзалдары; 
қоса есептегенде 75 адамға дейiнгi күту залдары бар сапаржайлар; 
авиажолаушыларға қызмет көрсетуге арналған, сағатына қоса есептегенде 75 жолаушыға дейiнгi өткiзу қабiлетi бар әуевокзалдары мен әуежай терминалдары; 
қоса есептегенде 75 адамға дейiнгі күту залдары бар теңiз және өзен вокзалдары (жүзетiн айлақтарды және дебаркадерлерді қоспағанда); 
5) бір мезгiлде 10 бiрлiктен аспайтын көлiк құралдарына қызмет көрсететiн жеке тұрған автосервис пункттері; 
6) сыйымдылығы 25 автомобильден аспайтын жеке тұрған бiр қабатты (жер үстiндегi немесе жер астындағы) гараж-тұрақтар; 
7) құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап етпейтiн, өрт-жарылыс қауiпсiздiгiн, аэрацияның, ылғалдылықтың, температура режимiнiң белгiлi деңгейiн ұстау, вибрацияны шектеу және өзге де арнаулы талаптар жөнiндегi айрықша жағдайларды қамтамасыз ететiн қойма (сақтау орны) үй-жайлары бар азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылыстар.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі