Bestprofi Logo

Қаулы № 746 от 2010-07-21г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2015 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 746 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 4 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 24.06.2015 жылғы № 479 Қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

2. «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 27, 304-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесінде:

«Мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту» деген 2-бөлімде:

«Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзетудің және оларды қайтадан бекітудің (қайта бекітудің) ерекшеліктері» деген 3-кіші бөлімде:

44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«44. Тиісті бюджетті нақтыламай, бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соғатын түзетуге жол берілмейді.

45. Бекітілген техника-экономикалық негіздемеде көзделмеген бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына қосымша құрамдас бөліктерді енгізуге жол берілмейді.»;

бірінші бөліктегі «бекіту үшін ұсынылатын» деген сөздер «қайтадан мемлекеттік сараптама жүргізу және қайта бекіту үшін ұсынылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктегі «Республикалық» деген сөз «тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание