1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерi бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 647 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 10 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерi бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2006 жылғы 7 шiлдедегi
N 647 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиялардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 6-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдары".
2. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 15 қазандағы N 1328 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 35, 462-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк қабылдау комиссиясының салынған объектiнi пайдалануға қабылдау туралы актiсiнiң бiрыңғай нысанында:
он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өртке қарсы қадағалау органдары (аты, әкесiнiң аты, тегi), (лауазымы)";
мынадай мазмұндағы он екiншi абзацпен толықтырылсын;
"мемлекеттiк халықты әлеуметтiк қорғау органдары (аты, әкесiнiң аты, тегi), (лауазымы)".
3. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 1, 9-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) лицензияланатын түрлерiнiң тiзбесiнде:
"Сараптама жұмыстары" деген 5-бөлiм мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:
"19. Жобалардың мемлекеттiк сараптамасының ерекше құзыретiне жататын:
1) мемлекеттiк инвестициялар есебiнен немесе олардың қатысуымен тұрғызылатын, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялардың қатысуынсыз тұрғызылатын, бiрақ заңнамада белгiленген тәртiппен шығарылатын өнiм немесе көрсетiлетiн қызметтер көлемiнде мемлекеттiк меншiк үлесiн көздейтiн;
2) құрылысты қаржыландыру көздерiне қарамастан, санитарлық, экологиялық, өрт пен жарылыс қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау, құрастырмалардың сенiмдiлiгi, әлеуметтiң, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне мүгедектер мен халықтың аз жұмылдырылған тобының кiруiн қамтамасыз ету жөнiндегi ықтимал қауiптi және техникалық жағынан күрделi объектiлердiң жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығы бойынша мемлекеттiк нормативтiк талаптарға сәйкестiгi бөлiгiнде объектiлердiң (кешендердiң) құрылысына арналған инвестициялық негiздемелердiң, техника-экономикалық негiздемелер мен есеп айырысулардың, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың;
3) құрылыстың iрi және күрделi объектiлерi немесе салыну ұзақтығы алты айдан асатын объектiлер бойынша мердiгерлiк жұмыстарды (қызметтердi) мемлекеттiк сатып алуды жүргiзуге арналған конкурстық (тендерлiк) құжаттамалардың сараптамасы.".
4. "Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 шiлдедегi N 840 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 264-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың ережесiнде:
2-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Заңмен белгiленген өздерiнiң бақылау өкiлеттiктерi шегiнде Қазақстан Республикасы Индустрия сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi (бұдан әрi - сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган);
2) Заңмен белгiленген өздерiнiң бақылау өкiлеттiктерi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары;";
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының аумағында республикалық маңызы бар құрылыс объектiлерiн инспекциялауды жүргiзу жолымен сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган;";
2) тармақша алынып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
3) ведомстволық бағыныстағы аумақта жергiлiктi, маңызы бар құрылыс объектiлерiн инспекциялауды жүргiзу жолымен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары.";
5 және 7-тармақтардағы "бақылау-қадағалау" деген сөздер тиiсiнше "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Әрбiр өңiр үшiн республикалық маңызы бар инспекцияланатын объектiлердiң тiзбесi мен жүйелiлiгiн, сондай-ақ тексеру жүргiзу мерзiмiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Әрбiр облыс үшiн жергiлiктi маңызы бар инспекцияланатын объектiлердiң тiзбесi мен жүйелiлiгiн, сондай-ақ тексеру жүргiзу мерзiмiн тиiстi жергiлiктi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органы белгiлейдi.".
5. "Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 27, 304-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесiнде:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жобалардың сараптамасын тиiстi лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Бұл ретте жобалардың мемлекеттiк сараптамасын Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген қандай да бiр өзге қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ заңды тұлға жүзеге асырады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |