Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 1328 және 2005 жылғы 27 маусымдағы N 635 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қыркүйектегі N 1468 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.11.2017 жылғы № 759 Қаулысына сәйкес
Редакция 07.09.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, кала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 1328 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 35, 462-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктерін, міндеттерін, сондай-ақ міндетті құрамын белгілеу ережесінде:
4-тармақтың 6) тармақшасы "ұсыныспен бірге" деген сөздерден кейін "анықталған бұзушылықтарды жою үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың екінші абзацындағы "Қажет болған ретте тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы)" деген сөздер "Тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы) өз шешімі бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
"15. Тапсырысшы жұмыс комиссиясының жұмысты бастау және аяқтау күнін белгілейді.
Тапсырысшы комиссия мүшелерінің осы хабарламаны алғандығы туралы жазбаша растай отырып, қабылдау рәсімдері басталғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей комиссияның барлық мүшелеріне оны жүргізу күні туралы жазбаша хабарлайды.";
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысымен (29.09.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.09.2015 жылы № 180 (28658) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі N 840 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 25, 264-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 647 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 259-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов